Александров Николай Павлович

     1924 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Убинка ауылында дүниеге келген. Орал Таңсықбаев атындағы  Алматы сәндік-қолданбалы өнер (1951), Ленинград жоғары көркемөнер-өнеркәсіп училищесі техникумын бітірген (1957). 1961 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі. Қазақстан суретшілер одағының мүшесі.

     Суретші, графикалық суретші, плакатшы, сәндік - қолданбалы өнер шебері, монументалды өнер шебері, мүсінші.

   Графикалық жұмыстар аворы: «Воробышек на ветке» (темпера, 1959), «Портрет студентки» (тушь, қылқалам, 1960), «Весна (темпера, 1960), «Пуховой платок» (пастель, 1962), «Комсомольский билет» (түрлі-түсті линогравюра, 1963), «Кумыс» (1968) және т.б.. Бірнеше плакаттар орындаған («Мы – люди большого полета», 1965 және т.б.). Мүміндік туындылары: «Солнечные зайчики» (1978), «Это сладкое слово «свобода» (1985) және т.б.; әртүрлі монументалды жұмыстар орындаған. Қарағанды қаласындағы Мәдениет үйлерін, өндірістік объектілерді, кинотеатрларды безендіру жобаларын орындады. Үкіметтік тапсырма бойынша «Қазақ КСР –  40 жыл», «Қазақстан әйелдерінің екінші съезі», «Қазақ КСР кәсіптік-техникалық білім беру үздігі» төсбелгілерінің эскиздерін жасады.

    1960 жылдан бастап көрмеге қатысушы. ҚазКСР мен КСРО-ның көптеген республикалық және бүкілодақтық көрмелерінің қатысушысы. Графикалық көрмеде Ф.М. Достоевский, М. Булгаков шығармалары бойынша әйелдер бейнелерін, сондай-ақ Пушкин заманындағы әйелдер портреттерін ұсынды. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1958),

     Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Ташкент пулемет-миномет училищесін бітірген, Курск шайқасына қатысқан. Жеңісті Берлин маңында 1-ші Украина майданының құрамында қарсы алды.

    І дәрежелі Отан соғысы орденімен және «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңісі үшін» медальдарымен марапатталған. Қазақстан, Алматы қаласында тұрып, жұмыс істеді.

 

Н. П. Александров туралы әдебиет:

Культура Казахстана[Текст] : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы, 2010. -Александров Николай:51 б.

Валуйская, Н. Только миг и 90 лет [Текст] / Н. Валуйская // Казахстанская правда. - 2015. - 7 мамыр. – 14 б. – Майдангер, монументалдық- суретші шығармашылығы туралы.

 

Интернет-сілтемелер:

Александров Николай Павлович [Электрондық ресурс] // Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасы: сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10765&lang=ru (06.02.2018)

 

 "Революция". Автобекеттің күту залындағы эмальға сурет салу. Фрагмент. 1969 ж. Қараганды қ.