Жуков Василий Тимофеевич

 Жуков Василий Тимофеевич

          1930 жылы 26 маусымда Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің Горновка ауылында дүниеге келген.

         Механикаландыру мектебін «тракторист» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін «Красный боец» колхозында тракторшы болып жұмыс істеді. 1964 жылдан бастап бульдозерист, экскаватор машинисі, кең профильді механизатор болып жұмыс істеді.

        ШҚМХК комбинатының Құрмет кітабына енгізілген. Жергілікті Кеңестің депутаты болып сайланды.

     «III дәрежелі Еңбек даңқы» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 1974-1975 жылдардағы жарыстың жеңімпазы, «КСРО түсті металлургия социалистік жарысының үздігі». «Құрметті кенші», «Комбинат ардагері» атағы берілді.

       Шемонаиха қаласы, Өскемен кенттік, Октябрь және Вавилон ауылдық округтері әкімдерінің қолдаухаттары негізінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және еңбегі үшін аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 5 сәуірдегі № 12-2 шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.