Воробьев Николай Николаевич

 Воробьев Николай Николаевич

     1951 жылы 14 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Октябрьское ауылында дүниеге келген.

    Еңбек жолын 1974 жылы бас ветеринарлық дәрігер болып бастады, ал 1985 жылдан «Шемонаиха» совхозының директоры болды. Совхозды реформалау нәтижесінде 1997 жылы сәуірде «Шемонаихинское» шаруа қожалығын ұйымдастырып, өндірістік әлеуетін, кадрларын толық сақтап, кейіннен «Воробьев Н и Ко» командалық серіктестігі болып қайта құрды.

  Шемонаиха аудандық мәслихатының Халық депутаттары мен депутаттар Кеңесіне бірнеше рет сайланды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «20 игі іс» акциясының қатысушысы болып табылады.

   Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық жұмысы үшін аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 мамырдағы № 34/5-III шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.