Новикова Мария Ивановна

Новикова Мария Ивановна

         1941 жылы 15 қарашада Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі Третьяков ауданы Новоалейское ауылында дүниеге келген.

Мектепті Шипуниха ауылында бітірген. Н. К. Крупская атындағы Семей институтының математика факультетін бітірген. Шемонаиха ауданы Рассыпное ауылындағы Михайловск сегіз жылдық мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1971 жылы Октябрьское ауылына көшті. Педагог, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары болып жұмыс істеді.

«Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен (1980 жыл), «Қазақ КСР Ағарту ісінің үздігі» белгісімен (1982 жыл), «Еңбек ардагері» медалімен (1986 жыл) марапатталған. «Аға мұғалім» атағы берілді (1990 жыл).

2004 жылы «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.