Морозов Борис Филиппович
- Толығырақ
- Категория: Суретшілер
Борис Филиппович Морозов 1944 жылы 20 шілдеде Семипалатинск облысы Ново-Шульба ауданының Песчанка а. дүниеге келген, бірақ бүкілөмір бойы Шемонаиха ауданында тұрады. Н.Островский атындағы орта мектепті аяқтаған. 1996 жылы армиядан қайтты (қызметін Венгрияда өткізді). Н.Гоголь атындағы Алма-Ата училищесін бітірді, 1971 жылы Мәскеудегі Н.К.Крупская атындағы халық университетін аяқтады. 1969 жылдан 1979 жылға дейін Усть-Таловка а. И.Астафьев атындағы орта мектепте ұстаздық қызмет атқарған. 30 жылдан аса Усть-Таловка а. «Ласточка» балалар Халық бейнелеу студиясына жетекшілік еткен. 2001 жылдан – Гуманитарлық-Техникалық колледжінің «Дизайн» тобында арнайы тәртіп ұстазы. 2002 жылы Шемонаиха қ. Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледж жилиалының директоры болып табылды. «Лучшие люди» Үлкен Халықаралық энциклопедия редакциясы жанындағы Мемлекетаралық сараптама кеңесінің шешімі бойынша 08.01.2014 жылдан "Лучшие в образовании" санатына "Педагогическая слава" бөліміне енгізілген.
1969 жылдан Өскемен қ. көркем қорының шығармашылық секциясының мүшесі болып табылады, 1969 жылдан Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, 1991 ж. КСРО суретшілер Одағының мүшесі. Халықаралық, бүкілодақтық, республикалық, облыстық көрмелерге қатысушы. Суретшінің қылқаламынан 2000 аса картина шыққан. График-суретші ретінде бастаған. Қазіргі уақытта негізгі бағыты кескіндеме. Жанрлары әртүрлі: пейзаж, портрет, тарихи тақырыптағы картиналар, ой- толғаныс картиналар, ашылу-картиналар. Кескіндемені салу әртүрлі ,беткей фактурасы көлемді, экспрессивті, тығыздан, балқылытған, жартылай мөлдір жеңілге дейін.
Оның эскизі бойынша Шемонаиха қ. орнатылған, жазушы Анатолий Иванов мүсіні мен «Тени исчезают в полдень» романы кейіпкері Марья Воронованың скульптурасы жасалды.
Екі жиында Шемонаиха аудандық Мәжіліс депутаты болып сайланды. Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы болып табылады, «А.Иванов атындағы қор» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Бейнелеу өнері» номинациясындағы сыйлығының лауреаты. Өмірбаяны мен шығармашылығы туралы материалдар, сондай ақ жұмыстарының бөлігі Шемонаиха тарихи-өлкетану мұражайы мен Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайында сақталған. Шемонаиха орталық аудандық кітапхана сайтының «Наши таланты» бөліміне енгізілген. А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының «Шығыс Қазақстан; танымал адамдар» өлкетанымдық мәліметтер базасына енгізілген.
Суретші картиналары жеке, облыстық, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерде 40 аса мәрте көрсетілген. Суретші полотносын Қазақстан мен Ресейдің ғана емес, Жапония, Германия, Франция, АҚШ және басқа да 30 аса елдер көрермендері қызықтаған.
2019 жылы суретші картиналары Луврда көрмеленді.
Наградалары:
«20 лет Победы над Германией» мерейтойлық медаль
«За отличную работу в культпросветучреждениях профсоюзов» ВЦСП белгісі
«За достижения в самодеятельном искусстве» белгісі
«Мастер – золотые руки» Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының Дипломы
Тұрар Рысқұлов қоғамдық қоры атынан мәдениет пен өнерді дамытқаны үшін Медаль
