1948 жылы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Подкорытово ауылында дүниеге келген. Жерлестеріне негізінен дарынды суретші ретінде танымал, ол көптеген жылдар бойы «Радуга» балалар кескіндемесі студиясына жетекшілік еткен. Кескіндемемен айналысады, таспен жұмыс жасайды. Портреттері жақсы шығады. Ең сәтті жұмысы графикада орындалған. Өз жұмыстарын облыстық, аудандық көрмелерге бірнеше мәрте шығарған.  Музыкант Михаил Милютинмен бірге Н.И. Шушаковтың өлеңдеріне көптеген әндер бар, олар терең лирикалық және туған жерге, қарапайым адамдарға, әйелге деген сүйіспеншілікке толы... Ал олардың бірі – «Городок» атты Шемонаиханың символы тәріздес. «ЛЗ сегодня» аудандық газетте жиі жарияланады. Оның өлеңдерінде «рифманың шынайылығы адам өмірі туралы ойлармен үйлеседі». 2000 жылы Германияда «Новая арена» №12 журналында, қазірде қиыр шетелдегі, өзінің достарына сыйлаған бірнеше өлеңдері жарияланды. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданыУсть-Таловка ауылында тұрады.