1939 жылы Шемонаиха ауданы Подкорытово ауылында дүниеге келген. Шушаков  Игнатий Иосифовичтің -  шаруа отбасында. Ол керемет ұста, құрылысшы болған. Сонымен қоса, баянда жақсы ойнаған. Анасы - Старожилова Наталья Андреевна еңбекқор және кішіпейіл, көптеген мақал-мәтелдер, әндерді білген. Өскемен педагогикалық училищесін, содан кейін педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. 1959 жылдан Кабаново ауылында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Ауыл таратылғаннан кейін, Шемонаиха ауданы Октябрьский а. көшіп келген. 1991 жылы ұзақ жылғы адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медальімен марапатталған.