Андронова Галина Савельевна

      1952 жылы 20 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласында дүниеге келген.

      Еңбек жолын Шемонаиха қаласындағы балалар спорт мектебінде баскетболдан жаттықтырушы болып бастаған. Новосібір кеңестік сауда институтын бітіргеннен кейін мамандығы бойынша Шемонаиха аудандық тұтыну одағының тауартанушысы, содан кейін аудандық тұтыну одағының басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 1982 жылдан Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аудандық тұтыну одағының басқарма төрайымы, заңды тұлғалар одағының төрағасы.

     «Кеңестік тұтыну саудасының үздігі» белгісімен, Шығыс Қазақстан облыстық тұтыну одағы басқармасының «Ұлы Октябрьдің 70 жылдығына» Құрмет грамотасымен марапатталған.

   1994 жылдан бастап I, II және III және IV сайланған аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды және тексеру комиссиясының төрайымы болды. Аудандық мәслихат депутаты.

    Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі мен зор үлесі үшін аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 12 мамырдағы № 25/4-III шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.