Кобзев Юрий Михайлович

Кобзев Юрий Михайлович

 

    1947 жылы 18 ақпанда Шемонаиха қ. дүниеге келген. Мектепті 1966 ж. алтын медальға бітіріп, сол жылы «Ленинскоезнамя» аудандық газеті редакциясына жұмысқа және С.М.Киров атындағы ҚазМУ сырттай бөлімшесіне түскен, оны 1972 жылы сәтті аяқтады. Студент кезінде КСРО Жазушылар Одағына енген. Юрий Михайловичтің бүкіл қысқа еңбек қызметі журналистикамен байланысты. «Ленинскоезнамя» аудандық газеті редакциясының ақпараттық бөлімінде жұмыс атқарған, кейінірек 1970 жылдан редакцияның өнеркісіп бөлімін басқарған, ал 1972 ж. қаңтарынан – «Ленинскоезнамя» газеті редакторының орынбасары. Юрий Михайловичтің газеттегі  әрбір мақаласын оқырмандар асыға күткен, өйткені олар жарқын, көркем, кейде жеңіл мысқылмен немесе шақпалы қалжыңмен. Мектеп оқып жүрген кезден-ақ ол өлеңдер жаза бастаған, оларды  газеттерде жиі шығарған, өлеңдерде оның мектеп бітіру шығармасы, тіпті Менделеев кестесін ырғаққа түсіріп көрген. Замандастарының естеліктері бойынша  өлеңдері таза, мөлдір болған. Олар өздерінің қарапайымдылығы мен мәнділігімен адамды тартқан.  Көптеген өлеңдері Нелли Рау мен басқа да музыканттардың музыкасына жатқызылған. Кобзев КСРО Журналистер Одағының белсенді мүшесі болған. Ю.М.Кобзев «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісімен, Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің, аудандық комсомол комитеті бюросының грамоталарымен марапатталған.

1975 жылы 9 желтоқсанда ауыр созылмалы дерттен 28 жасында дүниеден өткен.