Тыцких Михаил Сергеевич
1922 жылы Алтай өлкесінің Змеиногорск қ. туған. Балалық пен жастық шағын Шемонаиха ауданында өткізген. Ұлы Отан соғысына қатысушы, үкіметтік наградаларға ие. Саяси тұтқын ретінде қамауға алынған. 1952 жылдан Өскеменде тұрады, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің бұрынғы жетекшілерінің бірі. Ақын, прозаик, философ-эколог. «Экология и жизнь/Вопль смертного» философиялықзерттеу авторы. «На краю бездны», «Тропа свиданий» (2001г.), «Грехи наши тяжкие» жинақтарының авторы. Қазақстан мен Ресей мерзімді басылымдарға баспаланған.