Демежанов Медет Нусипбекович
1988 жылы 27 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат а. дүниеге келген. Семей қ. педагогикалық институтының қазақ филологиясы факультетін бітірген. Бородулиха а. қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін берген, қазір Камышинка орта мектебінде ұстаз болып жұмыс істейді. Шемонаиха қ. тұрады. Өлеңді мектепте сегізінші сыныптан жаза бастаған. «Көк түрік» (2010 ж.) және «Ақ гүлім (2018 ж. мамыр) жинақтары. Тек қазақ тілінде жазады. Өлеңдері «Шығыс шұғыласы» әдеби-көркем жинақта, өзі қызметкер болған "Ертіс өңірі" газетінде жарияланған. Астана қаласының 20 жылына бейнеоқу конкурсына қатысқан, республикалық және облыстық көркем оқу шеберлері конкурсының жеңімпазы болған, ән авторы болып табылады. 2018 ж. қазанда музыкант Беделбек Нұрғалиевпен бірлескен авторлықпен қала мерейтойына арналған «Семейім саған аманат» атты бейнебаян түсірген.