Крючков Николай Сергеевич
1937 жылы 17 шілдеде Шемонаиха ауданы Усть-Таловка а. дүниеге келген. Алғашқы өлеңдерін студент кезінде жазған. Ақын И.Фоняков жетекшілігімен новосибирское әдеби бірлестігінің мүшесі болған. ШҚ МХК байланыс бөлімін, кейіннен аудандық поштаны басқарған. 2005 жылы Ресейге көшіп кеткен.
«Ленинское знамя» Шемонаиха аудандық газеті жанындағы «Вдохновение» ӘдебБ, ал кейінірек- «Звено Алтая» ӘдебБ Шемонаиха филиалының белсенді қатысушысы болған.
«Радуга» балалар өлеңдер кітабы Усть-Таловка мектебінің 40 жылдығына орай басылып шықты, екіншісі-«Школьные ступени» Шемонаиха ауданының 75 жылдығына орай жарық көрді. Кейініректе «Ежевика», «Родник» және т.б. өзі басып шығарған кітаптары шықты.
2005 жылдан 2011 жылға дейін Тверь облысының Конаковский ауданының Дмитрова Гора ауылында тұрған. Конаковский орталық кітапханасы қорында оның соңғы үш кітабы бар: «Облака: Стихи»(2007ж.); «Жизнь, как есть: Стихи, поэма» (2008ж.); «Ваших дней не смолкнет слава: Книга памяти» (2010ж.). Баласы Е.Н. Крючков Мәскеу суретшілер одағының мүшесі.
2011 ж. 30 қаңтарда қайтыс болды.