Козлов Аркадий Гаврилович

   Козлов А.Г. "Подсолнухи" Шемонаиха тарихи-өлкетану мұражайы қорынан алынған картина.

    Козлов Аркадий Гаврилович 26.06.1929 ШҚО Глубокое ауданының Быструха ауылында туған. Н.К.Крупская атындағы Мәскеу халық университетінің сырттай бөлімін аяқтаған, факультет сурет және кескіндеме.  1962 жылдан зейнетке шыққанға дейін Выдриха мектебінде сурет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Оқушылармен көп күнге серуенге шыққанда оларға сурет салуды үйреткен, этюдтарды өзі жасаған. «Самородок» облыстық халық шығармашылығы клубының мүшесі болып табылған. Картиналары Мәскеуде ХШЖК, Алматыда, облыс мен аудан мұражайларында экспонатталған. Картиналар бөлігі Шемонаиха аудандық тарихи-өлкетану мұражайында және Выдриха а. А.С.Иванов атындағы мектеп мұражайында сақталған. Қазіргі уақытта Шемонаиха ауданының Рассыпное а. тұрады. Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы. Жеңіс мерейтойына арналған, Бүкіләлемдік өзіндік шығармашылық байқауы лауреатының I және II дәреже дипломының иегері.