Попов Александр Гаврилович

   

Попов Александр Гаврилович. 25.02.1926 ж. - 23.07.2001 ж.

     ШҚО Шемонаиха ауданының Выдриха а. туған. 1935 жылы отбасы Алма-Ата қ. көшеді. 1951 жылы Н.В.Гоголь атындағы көркем училищесін аяқтап, Шемонаихаға көшіп келеді. 24 жылын педагогикалық қызметке арнады. Мектеп пен Мәдениет Үйінде үйірмелер жүргізген. Шемонаихалықтардың бірнеше ұрпағының кескіндеме сүйіспеншілігін оятты.Оның шәкірттерінің көбі суретші, дизайнер, сәулетші болды.

    Республикалық, облыстық, аудандық көрмелерге бірнеше мәрте қатысқан. Поповтың әрбір картинасы – өз Отаны патриотының жыры. Оларда Шемонаиха мен оның маңайындағы таныс бұрыштар көрініс тапқан. Пейзаж (оның ішінде қала пейзажы), портрет, натюрморт жанрларында жұмыс жасаған.  Шемонаиха қ. елтаңбасының авторы болып табылады. 2001 жылдан «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы». Картиналарының бөлігі облыстық Өнер мұражайында сақталған. Жұмыстарының көп бөлігі Шемонаиха тарихи-өлкетану мұражайында тұрақты сақталуда (300 бірліктен аса).   

Фотода мұражай қорынан алынған "Автопортрет"