2011-2013 жылдардағы Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
- Толығырақ
- Категория: Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Ауданның экономикалық мамандық- дамыған ауыл шаруашылықпен өнеркәсіп өндірісі.
Жылдың басынан өнеркәсіпте 23,2 млрд.теңгеге өнім өндірілді, оның ішінде тау-кен қазу саласындағы өнім көлемі 14 млрд.теңге құрады, өңдеу саласында- 8 млрд. Ауыл шаруашылық өнімі 13 млрд.теңгеге өндірілді.
Жалпы іс-әрекеттегі кәсіпорындар санынан 95 % белсенділер болып табылады. Аудан экономикасына 10,8 млрд. теңге инвестиция тартылған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 3,6 млрд.теңге құрады. 8,5 мың шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді.
Аудан бюджетінің меншік табысы 933 млн.теңге құрап, өткен жыл деңгейінен 5 % өсті. Қосымша табыс көздерін іздестіру бойынша Алгоритм аясында қосымша 24 млн.теңге келіп түсті.
Стратегиялық ретінде шағын ГЭС құрылысы бойынша жоба қарастырылуда.
Шағын кәсіп 223 кәсіпорын тіркелген, оның 141 іс-әрекетте, белсенділер-132 кәсіпорын немесе 59,2%.
Ресей Федерациясымен шекаралық ынтымақтастық аясында Шемонаиха ауданы аумағында «Агропромышленный, транспортный логистический центр для приграничного сотрудничества в г.Шемонаиха» жобасы жүзеге асырылуда.
Туристік индустрияны дамыту аясында Өскемен қаласы- Верх-Уба ауылы-Кандыковка ауылы-Шемонаиха қаласы бағыты әзірленген. Бағыт туристік-ойын-сауық және спорттық демалыс іс-шаралар қатарын қамтиды (Үбі өзені бойынша қайықпен жүзу, атпен серуендеу, жаяу және велотуризм, әртүрлі спорт ойындары)
-Кандыковка ауылы маңайында көтеру сатысымен шаңғы базасының ашылуы,
-Мохнатый жотасы мен рафтинг (Үбі өзенінің жоғарғы жағындағы шегі) дельтапланеризмды дамыту үшін өте жақсы алаң бар.
Өңдеу және тағам өнеркәсібі. Жетекші сала болып табылатындар: май, ет, сүт, нан-тоқаш, ұн, жарма. Ауданда өңдеу бойынша 28 цех жұмыс істейді, оның ішінде:
-мал шикізатын өңдеу - 6 цех;
-өсімдік шикізатын өңдеу - 22 цех.
2008 жылы «Исток 1» ЖШС базасында сүт өнімін күрделі өңдеу бойынша жаңа зауыт салынды. Қазақстанда алғаш рет сақтау мерзімі бір және одан аса болатын темір банкалардағы 8,6% концентраланған сүт шығарыла бастады. Зауыт қуаттылығы тәулігіне 120 тонна сүт, сондай ақ сақтау мерзімі 3 айдан 6 айға дейінгі сүт және сүт өнімдері кең таралымда ПЭТ-бөтелкелерде шығарылады. Меншік қаражатына т500,0 млн.теңге сомасындағы жоба толығымен жүзеге асырылды.
Индустриалды- инновациялық дамуды күштеп көтеру бағдарламасы аясында «Триумф Агро» СПК күнбағыс майын экстракциялау бойынша зауыт құрылысы бойынша жоба жүзеге асырылды. Жобаны жүзеге асыруға бағытталған қаражаттың жалпы сомасы 410,0 млн.теңге. Жоба қуаттылығы- тәулігіне 120 тонна май. Объект 2011 жылдың қазанында пайдалануға берілді.
«Востоксельхозпродукт» ЖШС 360 млн.теңге жалпы сомасына «Модернизация цеха по рафинации, дезодорации, отбелки масла подсолнечника» жобасы жүзеге асырылды.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ
Өсімдік шаруашылығындағы негізгі көрсеткіштер
Ауылшаруаш-дақыл түрі |
Егістік алқабының құрылымы мың га |
Астық ц\га |
Өнім өндірісі мың тонна |
|||||||||
2011 |
2012 |
2013 |
2014 жоспар |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 жоспар |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 жоспар |
|
Жаздық бидай |
49,9 |
53,9 |
42,8 |
45,0 |
14,1 |
17,0 |
14,9 |
16,0 |
65,6 |
86,0 |
62,1 |
72,,0 |
Қыстық бидай |
0,8 |
1,0 |
1,3 |
0,3 |
7,4 |
15,0 |
26,6 |
15,0 |
1,4 |
1,5 |
2,2 |
4,5 |
Арпа |
16,0 |
17,0 |
18,5 |
19,0 |
13,4 |
15,5 |
14,2 |
15,5 |
19,7 |
24,2 |
26,2 |
29,4 |
Бұршақ |
4,7 |
5,7 |
4,5 |
4,6 |
16,7 |
20 |
16,8 |
20 |
7,8 |
11,4 |
7,6 |
9,2 |
Қарақұмық |
6,8 |
5,8 |
6,5 |
6,9 |
8,2 |
14,8 |
10,3 |
12,0 |
6,8 |
8,58 |
7,1 |
8,5 |
Сұлы |
3,8 |
4,0 |
3,3 |
4,0 |
13,7 |
15 |
16,4 |
18,0 |
5,2 |
6,0 |
4,3 |
7,2 |
Күнбағыс |
36,0 |
28,0 |
40,5 |
36,8 |
10,0 |
14,0 |
14,7 |
15,0 |
33,1 |
36,1 |
59,3 |
55,2 |
Рапс |
1,6 |
3,0 |
1,5 |
1,5 |
6,8 |
13 |
11,3 |
12 |
1,1 |
3,9 |
1,7 |
1,8 |
Мал шаруашылығы: барлық шаруашылық санатындағы мал басы есебі
Мал түрі мың бас. |
2011 ж |
2012 ж |
2013жыл(болжам) |
2014жыл (жоспар) |
Ірі-қара |
28,1 |
30,3 |
2,6 |
2,7 |
О.і.сиыр |
9,8 |
10,1 |
9,8 |
10,3 |
жылқылар |
3,1 |
3,2 |
3,1 |
3,2 |
шошқалар |
19,3 |
21,1 |
21,1 |
22,1 |
Қой, ешкілер |
12,7 |
13,5 |
12,4 |
13,0 |
құс |
77,3 |
81,1 |
82 |
85 |
Ауылшаруашылық мал бастары мен малшаруашылығы өнімдері өндірісін ұлғайту үшін келесі шаралар қолданылуда:
- 2014 жылы «Камышинское» АШ сауын сиырларының басын 2050 басқа дейін жеткізуді жоспарлауда (2013 жылы-1950 бас). Сауын сиырларын 100 басқа дейін жеткізуді «Шемонаихинское» АШ да, «Выдрихинское» ЖШС және «Шипулин А.В.» АШ 50 басқа жеткізуді жоспарлауда.
- «Рулиха» ЖШС 400 сауын сиырларына модуль құрылысы.
- Аудан ауылшаруашылық қалыптастыруларында шошқа басын көбейту: «Трёхгорненское» ЖШС 2014 жылы шошқа басын көбейту жоспарлануда (1500 басқа дейін).
- Егістік алқабы құрылымындағы жем дақылдарынының меншікті салмағы 11% алады. 2012 жылы жем дақылдары егістігінің үлесін 4-5 % арттыру жоспарлануда.
- Ара шаруашылығы саласын дамыту: ауданда 7,378 ара балұясы есепте. Асыл тұқымды мәртебесін 4 омарта алды.
ЖЕР ҚАТЫНАСЫ
Шемонаиха ауданының аумағы 399,5 мың ге құрайды (оның ішінде 3,5 мың га аудан аумағы шегінен тыс пайдаланылатын жер). Ауыл шаруашылық мақсаттағы жер 229,2 мың га, оның ішінде: 84,6 мың га 333 ауыл шаруашылықтардың жер пайдалануында. Ауданда тыңайған, тасталған жерлер жоқ.
Аудан аумағында 6 агроқалыптастыруға берілген бір мың гектардан аса суармалы егістік есепте, оның 293 га алқабы суармалы.
ҚҰРЫЛЫС
2011 жыл қорытындысы бойынша енгізілді- 8030 ш.м. тұрғын-үй, 2012 жылы- 10723 ш.м, 2011 жыл ішіндегі енгізілген тұрғын-үй деңгейінен 133,5% өсуді құрады.
«Қолжетімді тұрғын-үй 2020» бағдарламасы аясында:2009 жылдан 120 пәтерлі тұрғын ойді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді. 2012 жыл маусымында Шемонаиха қаласындағы 30 пәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша құрылыс жұмыстары басталды. 2013 жылы Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында пайдалануға берілді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламысының үшінші бағыты аясында нысанды қайта құрудан кейін Шемонаиха қаласында, жалпы ауданы – 2127 шаршы метр болатын, жатақхана сатып алынды. 2011 жыл ішінде құрылыс-жөндеу жұмыстар көлемі - 1,2 млрд. теңге, 2012 жылы-3,4 млрд. теңге құрап, 2011 жыл деңгейінен 2,8 есе артық болды. 2013 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарының күтілген көлемі- 4,6 млрд. теңге, 2012 жыл деңгейінен 1,3 есе артық.
2011 жыл ағымында құрылыс бойынша келесі жобалар жүзеге асырылды:
- «Үбі» шипажайында 100 орынға жатын корпусының құрылысы.
- «Агропромышленный, транспортный логистический центр для приграничного сотрудничества в г.Шемонаиха» нысанына интенерлік инфрақұрылым құрылысы.
- «ТриумфАгро» ЖШС майзауыты технологиялық жабдығын жөндеу.
2012 жылы:
- Первомайка а. күнбағыс майын өңдеу, иіссіздендіру, құю мен орау бойынша «Востоксельхозпродукт» ЖШС цех пайдалануға қосылды.
2013 жыл ағымында аяқталды:
- Шемонаиха қаласында Теміржол ауылындағы екінші көтерілу мен таза су резервінің сорғы бекетінің құрылысы.
- Шемонаиха қаласында Теміржол ауылындағы 2 топтық балабақшаға тұрғын үйді қайта құру.
- Зевакино ауылындағы 2 топқа балабақшаға мектеп ғимараты бөлігін қайта құру.
- Шемонаиха қаласында 320 орынға мемлекеттік тілде оқыту мектебі мен 100 орынға интернат құрылысы.
Келесі нысандарда құрылыс жұмыстары жалғасуда:
- Пруггерово ауылындағы 80 орынға орта мектеп құрылысы.
- Медведка ауылындағы 120 орынға орта мектеп құрылысы.
- Октябрьский ауылындағы 180 орынға орта мектеп құрылысы.
- Шемонаиха қаласындағы 280 орынға балабақша құрылысы.
ИНВЕСТИЦИЯ
2011 жылда аудан экономикасына 5,38 млрд.теңге инвестиция тартылды, 2012 жылы 9,57 млрд.теңге, 2011 жыл деңгейінен - 177,8% құрайды, 2013 жылға күтілген инвестиция- 12,3 млрд.теңге, 2012 жыл деңгейінен-128,5%.
ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
Ауданның 38 елді-мекенінен 28інде орталық суменжабдықтау жұмыс істейді. Орталық сумен жабдықтаумен қамтылды- тұрғындардың 92,6 %. Орталықтан емес- 7,4 %. Ауданда тасымалданатын су жоқ. Екі Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны «Первомайка суканалы» және «Шемонаиха суканалы» бар, ауданның 9 елді мекеніне қызмет көрсетеді.
Тұрғындарды еңбекпен қамту
Ауданның экономикалық белсенді тұрғындары (1.04.2012 жылға)- 27 873 адам. Еңбекпен қамтылған тұрғындар- 26 186 адам, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер- 18 612 адам, өзін-өзі еңбекпен қамту жұмыскерлері- 7574 адам.
Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы аясында 2011-2013 жылдары 781 адам қатысты. 150 жұмыс орны жасалды. 2011-2013 жылдары қайтадаярлау мен біліктілікті жоғарылатуға 320 адам жіберілді, 179 адам оқу аяқтады, оның ішінде мамандықтар бойынша: тракторшы-машинистші, «Д» санатындағы жүргізуші, тас қалаушы, азық-түлік тауарларын сатушы, тернер, автокөліктер жөндеу бойынша слесарь, сылақшы, техник-механик. 2011-2012 жылдары мемлекеттік тапсырыс бойынша жіберілген 141 адам оқуларын жалғастыруда.
Тұрақты жұмыс орнына оқудан өткен мамандардың 95% еңбекпен қамтылды, еңбекпен қамтамасыздандыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 2011-2013 жылдары аудан кәсіпорындарына әлеуметтік жұмыстарға 185 адам жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындары ауданның 61 кәсіпорнында құрылды. 75 адам жастар практикасына қатысты.
БІЛІМ
Шемонаиха ауданында 33 білім беретін мекеме жұмыс істейді (25 жалпы білім беретін мектептер, 2 кешкі мектеп, 3 қосымша білім беретін мекеме, 3 мектепке дейінгі білім мекемесі).
Ауданда 3 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, 5 мектеп-балабақша кешені, 15 шағынорталық. Үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 100 % құрайды.
2013 жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша Шемонаиха қаласында 250 орынға балабақша құрылысы басталды. Ауданда 3 мемлекеттік мектептен тыс ұйым іс-әрекетте, мектептерде 77 спорт секциялары жұмыс істейді. Екі жыл Шығармашылық үйі базасында жазғы кезеңде «Көшпенділер» киіз үй лагері жұмыс істеуде, 2013 жылдың 17 маусымынан 10 тамызға дейін «Көшпенділерде» 560 оқушы дем алды, оның 246 азқамтылған отбасынан.
2013 жыл қаңтарында Шемонаиха ауданында «Казахстанский путь» тәрбие-білім орталығы ашылды.
ШЕМОНАИХА АУДАНЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУЫ
3 ауруханамен ұсынылған. 10 дәрігерлік амбулатория іс-әрекетте, оның 7 ауылдық; 4 фельдшер-акушерлік орын, 14 медициналық орын, 5 жедел жәрдем орны.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ
Аймақта 92 спорттық құрылыс бар, оның ішінде: 3 стадион, 23 спорт залы, спорт кешені, жеңіл атлетика манежі, 3 шаңғы базасы, 5 оқпен мылтықпен ату тирі, 43 спорт алаңы, 33 футбол мен шағын-футбол алаңы, 7 хоккей алаңы. Ауданда 53 денешынықтыру ұстазалырының ұжымы жұмыстарын жалғастыруда, қамту 11084 адам, ол аудан тұрғындарының жалпы санынан 24 % құрайды.
Тұрғылықты жер бойынша 3 жеткіншектер клубы жұмыс істейді: «Смена», «Олимп» (хоккей, футбол, үтел ойындары), «Самсон» (ауыр атлетика).
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін «Қызығушылық бойынша клуб» жұмыс істейді. Оның өкілдері шахмат, шашка, жеңіл атлетика бойынша облыстық жарыстарға қатысады.
Туризм бірлестігі өкілдерінің арасында «Беловодье» экология-өлкетанымдық клубы,«ЭкоГрин» жастар қоғамдық бірлестігі және «Экстрим» атты су-туристері клубы танымал, жаяу туризм және жетекшілері, Үбі өзені бойынша қайықпен жүзумен айналысатын, Олег Степаненко мен Ольга Рябиченко.
Ауданда «Шемонаиха аймағы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» ММ өз жұмысын жалғастыруда, оның 7 спорт түрі бойынша ауданның 6 елді-мекенінде филиалы бар: волейбол, акробатика, дзю-до, жеңіл атлетика, футбол, шаңғы жарыстары, еркін күрес.
Шығыс Қазақстан жоғарғы спорт шебері Мектебі базасында қысқы спорт түрлері бойынша Первомайка а. шаңғы жарысы бойынша секциялар жұмыс істейді (жаттықтырушылар Захарченко В.П. мен Захарченко Г.П.).
Туристік әлеует Мыс-химиялық комбинатының «Ивушка» шипажай-прафилактикалық кешені (Усть-Таловка а.), «Үбі» шипажайы (Выдриха а.) Шемонаиха қ. 5 қонақ үйінің болуымен сипатталады. Экологиялық туризмді дамыту үшін «Экстрим» туристік клубы жұмыс істейді.
Октябрьский ауылдық округынд жыл сайын батыр-жерлесіміз Владимир Зубко естелігіне шаңғы жарыстары өткізіледі. Волчанка а. В. Касъяненко естелігіне волейбол бойынша жарыстар өткізіледі.
МӘДЕНИЕТ
Аудан аумағында 19 кітапхана жұмыс істейді. Оларды он бес мыңнан аса оқырман пайдаланады. Орталық аудандық және Выдриха ауылдық кітапханалары БҰҰ даму бағдарламасы бағдарламасы бойынша «Информационный тренинг-центр сельского предпринимательства» серіктестік гранттық жобаға қатысушылар болып табылады.
«Сорос-Казахстан» қайырымдылық қорымен бірге ШАРМиДО үкіметтік емес серіктестік жоба аясында кітапханада «Шаг вперед. Ярмарка идей» конкурс қорытындысын шығару өтті. Жобаға қатысушылар- ауданның ауылдық округтерінің жас кәсіпкерлері. Шемонаиха қ. кітапханалары өзіндік еңбекпен қамту тұрғындарына жәрдемдесу бағдарламасына қатысушы болды. Берілген диагностикалар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жасау кезінде қолданылды.
Орталық аудандық кітапхана Санкт-Петербург қаласында өткен, ІХ халықаралық Кітап салоны-2014 көрме жәрмеңкесі бағдарламасына қатысты. Бұл балалар әдебиеттерін алға жылжыту бойынша «Россия-Казахстан. Открытое чтение без границ» бірлескен ресей-қазақстандық мәдени жоба. Жоба аясында шемонаихалық оқырмандарға Ресей басылымдарының 298 үздік балалар кітаптары сыйға тартылды.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асыру бойынша «Полярис» үкіметтік емес қоғамдық бірлестікпен серіктестік жоба жүзеге асырылуда.
Шемонаихалық онлайн-орталық базасында облыстық Достық үйі басшысы және басқа да ШҚО Достық Үйлерімен телекөпір тәртібінде 2 мәжіліс болып өтті. Бұл кездесуге ауданның барлық ЭМБ өкілдері қатысты.
Кітапханалар оқырмандардың облыстық, республикалық және халықаралық шығармашылық конкурстарға қатысуына жәрдемдеседі. Осылай, мысалы, Д.Бурова Мәскеуде өткізілген «Гренадеры вперед» атты халықаралық шығарма конкурсында Гран-при ұтып алды. Ал ОАК кітапханашысы С.С.Алпыспаева жеңімпазды конкурсқа дайындағаны үшін Ресей жазушылар Одағы атынан грамотамен марапатталды.
Кітапхана веб-сайты жұмыс істейді http://shemlibrary.kz/. 2015 жылдан сайтты цифрланған толық мәтінді өлкетанымдық ресурстармен толықтыру басталды.
Орталық балалар кітапханасының жұмысы, оның ішінде «Бота-Верблюжонок» бағдарламасы бойынша мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмысы Өскемен қ. «Концепция трех И: информатизация, интеграция, интерактивность» халықаралық кітапханалық форумға оң баға алды.
Шемонаиха ауданы аумағында 13 мәдениет мекемесі іс-әрекетте. Ауданда 70 көркем дербес ұжым және 20 әуесқойлық бірлестік ұйымдыстырылып, жұымс істейді. 2013 жылы «Өнерім-өмірім» халықаралық конкурста «Фризлайт» хореографиялық ұжымы «Гран при» ұтып алды (жетекшілері Е. Экзекова, И. Милютина).