Кимасов Александр Максимович, тарих ғылымдарының кандидаты

1936 жыл 15 тамыз - 2015 жыл.

Туған жері Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха а.

Өскемен педогогикалық институтын «орыс тілі, әдебиет және тарих» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын Лениногорск полиметалдық комбинатта бұрғылау шебері болып бастаған. Институтты аяқтаған соң ауыл мектебінде оқу меңгерушісі болды, одан кейін лекторлық топ жетекшісі, Шығыс Қазақстан облыстықпартия комитеті саяси ағарту Үйінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы ОК лекторлық тобының басшысы болды. 1991 жылдан Қазақстан Президенті баспасөзі қызметінің консультанты, 1997 жылдан – Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті болып жұмыс істеген. 2008 жылы ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агентствоның бас директоры болып таңайындалған. Александр Кимасовүкіметтік наградаларға ие, «Қазақстанның Құрметті журналисті» және «Республика журналистері Одағы сыйлығының лауреаты болып табылған.

http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/skonchalsya-direktor-agentstva-kaztag-aleksandr-kimasov-281235/

http://www.inform.kz/kaz/article/2820453

http://total.kz/society/sobyitiya/2015/09/21/ne_stalo_aleksandra_kimasova