Серохвостов Александр Яковлевич
Серохвостов Александр Яковлевич (1920-2010ж.) – Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы, кеңес тұтынушылық кооперациясының үздігі, Ұлы Отан соғысына қатысушы.
1920 жылы Большая Речка а. туған. 1939 жылы орта мектептің 9 сыныбын аяқтағаннан кейін Алма-Ата қ. денешынықтыру техникумына түскен.
1940 ж. Қызыл Армияға әскерге шақырылды, онда ол 1946 ж. маусымына дейін қызмет етті. Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді қорғау, Висла, Одер ө. еңсеруге, Варшаваны босату, 1-ші орталық майдан радиополкі әскері 1-ші Белорусь майданында545-ші (ерекше тағайындау) Жеке радиодивизияқұрамында Берлинді алу шайқас әрекеттеріне қатысқан. Бұл бөлімшелер жаудың әскери-әуе жауынгерлерін радиобарлауды жүргізген.
Соғыстан қайтарылғаннан кейін 1947-1960 жылдары Шемонаиха БОЛКЖО АКекінші хатшысы, аудандық газет редакторының орынбасары, аудандық партия комитетінің үгіт және насихаттау бөлімі нұсқаушысы болып жұмыс істеген.
1960 жылы Александр Яковлевич Өскемен кооперативтік техникумын аяқтады. Шамамен 20 жыл Шемонаиха аудандық тұтынушылық одақ жетекшілік етті. Оның ұжымы Қызыл Ту және Қазтұтынодағы мен Облтұтынодағының Құрмет грамоталарымен бірнеше мәрте марапатталынған.
Жоғарғы жұмыс нәтижелері, ауданның экономикалық дамуына қосқан ерең үлесі үшін 2004 жылы «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Соғыс және еңбек қызметтері үшін А.Я.Серохвостов Қызыл Ту, Отан соғысы ІІ дәрежесі ордендерімен, «За боевые заслуги», «За оборону Москвы», «За освобождение Варшавы», «За взятие Берлина» медальдарымен, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталған.
2010 жылы 4 ақпанда қайтыс болды.