Шурманов Айткен Каменович

 Шурманов Айткен Каменович

         1957 жылы 19 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Моисеевка ауылында дүниеге келген.

Семей зооветеринарлық институтын бітірген. Еңбек жолын «Убинский» совхозында мал дәрігері қызметінен бастады. 1997 жылдан бастап Шемонаиха ауданының бас мал дәрігері болып тағайындалды.1998 жылы «Восток шаруа қожалығын ұйымдастырды. 2004 жылдың көктемінде «Убинское-Ш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарды.

       2007 жылдан бастап аудандық мәслихаттың депутаты болып екі рет сайланды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Еңбек ері» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің грамотасымен,ауыл шаруашылығы Министрлігінің, ШҚО әкімінің, аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

      Шемонаиха ауданы әкімінің ұсынысы негізінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен еңбегі үшін Шемонаиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/6-VI шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.