Тоқтаров Амангелді Жамелұлы
- Толығырақ
- Категория: Шемонаиха ауданының құрметті азаматтары
Тоқтаров Амангелді Жамелұлы
1955 жылы 24 мамырда Семей облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе ауылында дүниеге келген. Шемонаиха ауданының әкімі
Еңбек жолын 1972 жылы Алматы Ағаш өңдеу комбинатында жұмысшы болып бастаған. Алматы қ. «Қазақтемирконтракт» ЖШС директорының орынбасары, Павлодар облысы Екібастұз қ. «Майкубен-Вест» ЖАҚ президенті болып жұмыс істеді. Алматы қаласындағы «Майкубен-Вест» ЖАҚ өкілдігін басқарды. Қарағанды қ. Қ. Сәтбаев атындағы «Ертіс-Қарағанды» каналының бас инженері болып жұмыс істеді, ШҚО Жарма ауданының «Арго» шаруа қожалығының басшысы.
2006 жылдың желтоқсан айынан бастап мемлекеттік қызметке кіріп, Қалбатау ауылдық округінің әкімі, кейін Жарма ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы, экономика мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2011 жылдың 12 мамырынан 2018 жылдың 24 мамырына дейін Шемонаиха ауданының әкімі болды.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Жарма ауданының Құрметті азаматы.
Шемонаиха ауданы әкімінің міндетін атқарушының ұсынысы негізінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және еңбегі үшін аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 5 шілдедегі № 26/6-VI шешімі бойынша «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.