Старожилов Юрий Петрович

 Старожилов Юрий Петрович

        1949 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Сугатовка ауылында дүниеге келген.

       Еңбек жолын 1970 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Сугатовка орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 23 жасында Сугатовка орта мектебінің директоры болып тағайындалды. Оның басшылығымен ол аудандағы жетекші ауылдық мектептердің біріне айналды. 1976 жылы тамызда Шемонаиха ауданы КОКП ХХ съезі атындағы колхоздың партия комитетінің хатшысы болып сайланды. 1981 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы Шемонаиха аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып ауыстырылды. 1991 жылы сәуірде Шемонаиха аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1991 жылдың қараша айында Н. А. Островский атындағы  № 1 орта мектебінің директоры болып тағайындалды, бұл қызметте ол 2012 жылға дейін жұмыс істеді.

         Практикалық тәжірибе авторлық жұмыс бағдарламаларын әзірлеуге және сәтті тексеруге мүмкіндік берді: аудан және облыс деңгейінде бағаланған «Человек. Личность», «Основные проблемы истории Великой Отечественной войны», «Основы конституционного права».  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына және Шемонаиха ауданының жауынгерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерліктеріне арналған «Дед, я тебя помню» мен «Поклонимся великим тем годам»  атты балалар шығармаларының жинағының авторы. 2013 жылы «Мәңгілік Ел» тәрбие-білім беру орталығын ұйымдастырып, басқарды.

           «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» атағы берілді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыстық және республикалық деңгейдегі грамоталармен, «Құрмет Белгісі» орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталды.

         Шемонаиха ауданының білім беруді дамытуға қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін Шемонаиха ауданы әкімінің ұсынысы негізінде аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 қарашадағы № 9/2-VI шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.