Сизиков Борис Сергеевич
- Толығырақ
- Категория: Шемонаиха ауданының құрметті азаматтары
Сизиков Борис Сергеевич
1959 жылы 30 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Зевакино ауылында дүниеге келген
Еңбек жолын ГПТУ – 145 бітіргеннен кейін Зевакино ауылында тракторшы болып бастаған. 1981 жылы Саратов ауылшаруашылық техникумында агроном мамандығы бойынша оқыды.1991 жылы Барнаул қаласындағы Алтай ауылшаруашылық институтын агроном - ғалым мамандығы бойынша бітірді.1996 жылдан бастап «Сизиков Б.С.» шаруа қожалығын басқарды. 2004 жылы «Сизиков и К» ЖШС ұйымдастырды.
2013 жылдан бастап Семей қаласындағы № 3 балалар үйінен балаға патронат алды. 2016 жылы Шемонаиха аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымының депутаты болып сайланды.
«КСРО халық шаруашылығын дамытудағы жетістіктері үшін» қола медалімен марапатталған, мерейтойлық медальдармен марапатталған, «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі үшін» номинациясы бойынша «Парыз» республикалық байқауының дипломдарымен (2011, 2017 жылдар), аудан әкімінің Ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін, әлеуметтік-экономикалық дамуға белсенді қатысқаны үшін, Шемонаиха ауданы және белсенді азаматтық ұстанымы үшін, «Мейірімділік» және «Туған жерге тағзым ет» акцияларына бірнеше рет қатысқаны үшін құрмет грамоталарымен марапатталған.
Шемонаиха ауданы әкімінің міндетін атқарушының ұсынысы негізінде Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 шілдедегі № 26/6-VI шешімімен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі мен үлесі «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді