Сағандықов Баймұхан Аубәкірұлы

 Сағандықов Баймұхан Аубәкірұлы

        1925 жылы 27 қарашада Семей облысы,Абай ауданы, Абралы ауылында дүниеге келген. Зейнеткер, Ұлы Отан соғысының қатысушысы

        1942 жылы желтоқсанда 17 жасында Қиыр Шығыстағы белсенді армияға шақырылды. Мергендер ротасында қызмет етті, Маньчжур стратегиялық операциясына қатысты. Үйге оралып, 45 жыл бойы Шемонаиха аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясын басқарды.

        Аудандық Ақсақалдар кеңесінің қызметіне көмек көрсетеді, «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі. Қазақ мәдениеті орталығының дамуына, кейін Достық үйі мен мешіттің ашылуына елеулі үлес қосты.

       «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

        Шемонаиха қаласы мен Разинское ауылдық округі әкімдерінің қолдаухаты негізінде жауынгерлік еңбегі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін аудандық Мәслихаттың 1999 жылғы 27 желтоқсандағы № 3-2 шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді