Попов Александр Гаврилович
- Толығырақ
- Категория: Шемонаиха ауданының құрметті азаматтары
Попов Александр Гаврилович
1926 жылы 25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылында дүниеге келген
1941 жылы Алматы қаласында электротехникалық зауытта токарь болып еңбек жолын бастады. 1946 жылы Н. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесіне оқуға түседі. 1951 жылы ол Шемонаиха қ. көшіп келді, онда 1980 жылға дейін қала мектептерінде сурет және сызу мұғалімі болып жұмыс істеді. Мектепте, Мәдениет үйінде көркемсурет үйірмелерін өткізді. Шемонаихалықтардың бірнеше ұрпағына кескіндемеге деген сүйіспеншілікті оятты. Оның көптеген үздік шәкірттері кәсіби суретшілер, дизайнерлер, сәулетшілер болды.
Аудандық, облыстық және республикалық көркемөнер көрмелеріне қатысты. Шемонаиха қ. елтаңбасының авторы
Шемонаиха қаласы, ӨУсть-Таловка кенттік, Октябрь және Вавилон ауылдық округтері әкімдерінің қолдаухаттары негізінде аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 5 сәуірдегі № 12-2 шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.