Никифоров Иван Дмитриевич

 Никифоров Иван Дмитриевич

       1939 жылы 14 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Убинка ауылында дүниеге келген.

       Өскемен педагогикалық училищесін бітіргеннен кейін еңбек жолын Предгорное аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы болып бастады.  Убинка ауылына оралып, мектепте мұғалім, содан кейін оқу меңгерушісі болып жұмыс істеді. Өскемен педагогикалық институтының тарих-филология факультетін, ауыл шаруашылығы техникумын, колхоздар мен совхоздар басшыларының курстарын бітірген. 1969 жылы Қазақстан колхозшыларының II съезінің делегаты болды. 1973 жылы Қазақстан Компартиясы Шемонаиха аудандық комитетінің идеологиялық бөлімінде жұмыс істеді.

        Аудандық Кеңестің депутаты болды. 17 жылдан астам еңбекшілер депутаттары аудандық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

        1988 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады. Қазақстанның демографиялық дамуы туралы 40 ғылыми хабарламалар мен жарияланымдардың авторы. Шемонаиха жері туралы 10 кітаптың авторы. «А.Иванов атындағы қор»  қоғамдық бірлестігін құру бастамашыларының бірі. «Шемонаихинское время» газетінің редакторы  болды. Шемонаиха ауданының білім беру бөлімінің  балалардың құқықтарын қорғау бойынша әдіскер болып жұмыс істеді.

       Екі «Құрмет» белгісі орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен," Семей ядролық полигонын қорғауға 20 жыл" естелік белгісімен, «Семей-Невада» Халықаралық ядролық сынаққа қарсы» мерейтойлық медалімен марапатталған.

     Шемонаиха ауданы әкімінің ұсынысы негізінде ауданның тарихи және мәдени мұрасын сақтауға қосқан үлесі үшін аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 41/13-IV шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.