Морозов Борис Филиппович
- Толығырақ
- Категория: Шемонаиха ауданының құрметті азаматтары
Морозов Борис Филиппович
1944 жылы 20 шілдеде Семей облысы, Жаңа Шүлбі ауданы, Песчанка ауылында дүниеге келген.
1963 жылы Н. В.Гоголь атындағы Алма-Ата көркемсурет училищесін, Н. К. Крупская атындағы Бүкілодақтық халық өнер университетінің сурет және кескіндеме факультетін бітірген.1969 жылдан Өскемен қаласының көркемөнер қорының шығармашылық секциясының мүшесі, 1991 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.
40 жылдан астам уақыт бойы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кентінің «Ласточка» изостудиясында және Шемонаиха қаласының гуманитарлық-техникалық колледжінде педагогикалық қызметпен айналысты. Әлемнің көптеген елдерінде қойылған 4000-нан астам картиналар жазылған.
Халықаралық, бүкілодақтық, республикалық, облыстық көрмелерге қатысушы А. С. Иванов атындағы қоғамдық қордың мүшесі болып табылады. Шемонаиха қаласында Кеңес өкіметін орнату үшін күрескерлерге арналған жаппай қабірдегі ескерткіштің эскиздерінің, Усть-Таловка к. Ұлы Отан соғысының батырлары мемориалының, жазушы А. Ивановтың бюстінің, «Тени исчезают в полдень» романының кейіпкері Марья Воронованың авторы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан кескіндемесі» каталогы жарық көрді, оған Б.Ф. Морозовтың жұмыстары енгізілді. «Ангелы мира» халықаралық байқауының финалисті, жеңімпаздардың жұмыстары Францияның Лувр көрме галереясында қойылды.
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің ХХ жылы медалімен, «Көркемөнерпаздар өнеріндегі жетістіктері үшін» белгісімен, «Кәсіподақ мекемелеріндегі мәдени-ағартудағы үздік жұмысы үшін» БККО белгісімен, «Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» ШҚО әкімінің сыйлығымен марапатталған.
Шемонаиха ауданы әкімінің ұсынысы негізінде мәслихаттың 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/6-VI шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.