Матыцин Альфонс Федорович

  Матыцин Альфонс Федорович

      1920 жылы 18 шілдеде Германияның Бреслау қ. дүниеге келген.

      1943 жылдан бастап 18 жыл бойы Рулиха  ауылдық мектебінде математика, физика, химия пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1960 жылдан бастап 15 жыл бойы Шемонаиха қаласындағы мектептерде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

       Ауданның білім беру саласын дамытуға зор үлес қосты,мұғалімдер мен жоғары білікті мамандарды тәрбиеледі.

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО Ағарту ісінің үздігі» белгілерімен марапатталған, «Мұғалім-әдіскер» атағы берілген.

       Шемонаиха қ., кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің,еңбек ұжымдарының қолдаухаты негізінде ауданның білім беру саласының дамуына қосқан үлесі мен еңбегі үшін аудандық мәслихаттың 1999 жылғы 20 мамырдағы № 26-2 шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.