Крюков Иван Михайлович

 Крюков Иван Михайлович

       1914 жылы 20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Барашки ауылында дүниеге келген, Ұлы Отан соғысының ардагері

        Еңбек жолын 10 жастан бастаған. Шіркеу мектебінде үш сыныпты бітіріп, тракторшы ретінде оқыды. Колхозда 1927 жылдан 1941 жылға дейін механизатор, бригадир, слесарь болып жұмыс істеді.

        1941 жылы қатардағы жауынгер атағымен майданға шақырылды. Ол Украинада соғысып, 1943 жылы Ұлы Лукиға бағытталды. Ауыр жарақаттан кейін демобилизацияланған. Үйге, Барашки ауылына оралды.  Механизатор болып жұмыс істеді.

        «Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен, әскери ерлігі үшін алғыс хаттармен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

        Шемонаиха ауданы әкімінің ұсынысы негізінде жауынгерлік еңбегі, ауданның дамуына қосқан үлесі үшін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 мамырдағы № 29/2-V шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.