Қарышев Мушарық Қалиұлы

 Қарышев Мушарық Қалиұлы

      1942 жылы 20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласында дүниеге келген.

   Еңбек жолын Рубцов қолөнер училищесін бітіргеннен кейін Барнаул қаласындағы геологиялық-барлау жабдықтары зауытында слесарь болып бастаған. Әскерде қызмет еткеннен кейін теміржол техникумын бітірді. 1966 жылдан бастап Защита темір жол бөлімшесінің Локомотив депосында тепловоз машинисі болып жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап Шемонаиха қаласы ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

     Шемонаиха ауданы әкімінің ұсынысы негізінде Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 41/13-IV шешімімен сіңірген еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.