Домовец Максим Захарович

 Домовец Максим Захарович

       1920 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласында дүниеге келген.

       Жиырма жасында майданға кетті. 1942 жылы 25-ші танк корпусының құрамында Сталининград шайқасына қатысты. Орел-Курск шайқасына, Украина, Беларусь, Польша, Венгрия, Румыния, Чехословакияны азат етуге қатысты. Соғыстан кейін Октябрьское ауылына оралды,«Шемонаихаинский» совхозында  бас бухгалтер болып жұмыс істеді.

   «Қызыл жұлдыз» Орденімен, «І дәрежелі Отан соғысы» Орденімен, «Ерлігі үшін», «Сталининградты қорғағаны үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.         

     Шемонаиха ауданы әкімінің ұсынысы негізінде аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 мамырдағы № 29/2-V шешімімен жауынгерлік еңбегі, ардагерлер қозғалысына белсенді қатысқаны үшін және Жеңістің 70 жылдығына орай «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.