Гусинский Александр Владимирович
- Толығырақ
- Категория: Шемонаиха ауданының құрметті азаматтары
Гусинский Александр Владимирович
1944 жылы 14 ақпанда Семей облысы, Көкпекті ауданы, Подгорное ауылында дүниеге келген.
1969 жылы Өскемен педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1961 жылы Семей облысы Көкпекті ауданы орта мектебінде математика пәнінің оқытушысы болып бастаған. Шығыс Қазақстан облысы Үлкен-Нарым ауданы орта мектебінің меңгерушісі, директоры (1969-1976); Үлкен-Нарым аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі( 1969-1976); Зырян аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі, Ұлан аудандық партия комитетінің хатшысы (1978-1983); Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы совхоз-техникумының директоры (1983-1992);
Жоғары партия мектебінің академиясын (1976-1978 жылдары) саясаттанушы мамандығы бойынша, Алма-Ата халық шаруашылығы институтын (1979 жылы) экономист мамандығы бойынша бітірген.
1992 жылдан Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімі, әкімшілік басшысы болды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы комитеттің төрағасы, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (12.1999-10.2002 жылдар).
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Шығыс Қазақстан облысынан депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитетінің мүшесі (01.1996-12.1999). Заңнама және құқықтық мәселелер Комитетінің мүшесі. Парламентаралық Одақтың мүшесі, Испания Корольдігінің бас Кортес Сенатымен, Израиль Мемлекетінің Кнессетімен, Хорватия Республикасының Парламентімен ынтымақтастық тобының мүшесі (10.2002-10.2008). «ОТАН» депутаттық партиясының мүшесі.
«Құрмет» орденімен (2003) төрт медальмен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен (04.12.2008) марапатталған.
Белсенді мемлекеттік қызметі, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтқаны, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі мен қосқан үлесі үшін мәслихаттың 2007 жылғы 24 мамырдағы № 34/5-III шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.