Гусельникова Валентина Федоровна
- Толығырақ
- Категория: Шемонаиха ауданының құрметті азаматтары
Гусельникова Валентина Федоровна
1950 жылы 2 қаңтарда Ресей Федерациясының Алтай өлкесі Чарыш ауданының Чипсеты ауылында дүниеге келген.
Семей медициналық институтын бітіргеннен кейін 1976 жылы дәрігер – акушер-гинеколог ретінде еңбек жолын бастады. 1984 жылы Шемонаиха орталық аудандық ауруханасының гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Жоғары санатты дәрігер, біліктілікті арттыру бойынша бірқатар мамандықтары бар. УДЗ аппаратында акушерлік және гинекологияда функционалдық диагностика әдістерін меңгерген.
1998 жылы «Жылдың үздік дәрігері» атағы берілді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің грамотасымен марапатталды.
Шемонаиха қаласы, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің, еңбек ұжымдарының қолдаухаттары негізінде ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі мен еңбегі үшін аудандық Мәслихаттың 1999 жылғы 20 мамырдағы № 26-2 шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.