Герберт Виктор Иванович

 Герберт Виктор Иванович

     1954 жылы 14 шілдеде Павлодар облысының Ермак қаласында дүниеге келген.

      Павлодар индустриялық институтын бітіргеннен кейін 1974 жылы мастер, жөндеу шеберханаларының бастығы, мыс-химия комбинатының автокөлік цехының бас инженері болып жұмыс істеді. 1989 жылдан бастап Усть-Таловка кенті Шығыс Қазақстан мыс–химия комбинатының кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды.

     Бірнеше рет Шемонаиха аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кентінің әлеуметтік-экономикалық даму кеңесінің мүшесі.

      Шемонаиха ауданы әкімінің ұсынысы негізінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен еңбегі үшін мәслихаттың 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 41/13-IV шешімімен «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.