Осипов Георгий Ильич
- Толығырақ
- Категория: Шемонаиха ауданының құрметті азаматтары
Осипов Георгий Ильич
1924 жылы 14 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха ауылында дүниеге келген.
Верх-Березовка ауылындағы № 20 зауыт-фабрика училищесін бітірген. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Ол үшінші Беларусь майданында, 5 ереуіл армиясында, 157 Неманск дивизиясында, 716 атқыштар полкінде соғысқан. Взвод командирі болды. Кенигсберг Каунасты азат етуге, Шығыс Пруссия шекарасын бұзуға қатысты. Үш рет жараланды. Соғыстан кейін бухгалтер, «Колос» колхозы төрағасының орынбасары, Медведка ауылында агроном, Белый Камень ауылының бөлімшесінің басқарушысы болып жұмыс істеді.
«Отан соғысы» екі орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен және басқалармен марапатталған.
2004 жылы «Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.