Ганза Николай Алексеевич
1946 ж. 27 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауылында дүниеге келген (Қазақ КСР, КСРО)- Ресей инженері, басқарушы және саясаткер,1999 ж. мамырынан 2001 ж. сәуіріне дейін Удмуртия Республикасынан Ресей Федерациясының Федералдық Жиналыс Федерациясы Одағының Мүшесі, Удмуртия Республикасы Үкіметінің Өкілі.
Өмірбаяны:
1971 ж. С.М.Киров атындағы Томск политехникалық институтының (ТПУ) «Разделение и применениеизотопов» мамандығы бойынша аяқтаған (инженер-физик). 1971 – 1982 ж. –Навоийсктаукенметаллургиякомбинаты №2 гидрометаллургиялық зауыты цехының бастығы, шебер-технолог, бөлімше технологы, бөлім басшысы, инженер-техногологы (Өзбек КСР заравшан қ.) 1982-1986 ж. – бас инженер, Навоийсктаукенметаллургиякомбинатының Солтүстік кенбасқару күрделі құрылысы жөніндегі директор орынбасары (Учкудук қ.). 1986-1994 ж. – бас инженер орынбасары, күрделі құрылыс жөніндегі директор орынбасары, Шығыс тау-байыту комбинатының директоры (Украина, Днепропетроск облысының ЖелтыеВоды қ.). 1994-1999 ж. –Чепецксий механикалық зауытының өндірістік бірлестігінің бас директоры (Удмуртия Республикасы Глазов қ.).
1999 ж. 23 сәуірінен Удмуртия Республикасы Үкіметінің төрағасы болып тағайындалған, бұл орында Удмуртия Президенті сайлауына дейін отырды (2000ж.); 2000 ж. Удмуртия Республикасы президентінің алғашқы сайлауына ұсынылды, Удмуртия Республикасының екінші жинақтау Мемлекеттік Кеңес депутаты болып сайланған (1999-2003ж.).
1999 жылдан үкімет төрағасы лауазымы бойынша РФ Федералдық Жиналысы Федерациясы Кеңесі құрамына кірді, ғылым, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және экология жөніндегі Комитет мүшесі болып табылған, 2001 ж. сәуірінде Федерация Кеңесі мүшесі уәкілеттілігін ресейлік парламент жоғарғы палатасын қалыптастыру жаңа тәртібіне сәйкес Республика Үкіметі өкіліне тапсырды. 2011 жылы Побужскферроникелдік комбинатының бас директоры (Украина).
2001-2002 ж. «Спецсталь» зауыты бас директорының бірінші орынбасары (Екатеринбург қ.).
2003 ж. сәуірінен – «ЕвроХим» Минералдық-химиялық компаниясы филиалының басқарушысы (Мурманск облысы Ковдор қ.)
2011 ж. Ковдор-таукен- байыту комбинатының стратегия және даму перспективасы, өндірістің әлеуметтік саясаты, аумақтық заңнамалық және атқару билік органдарымен өзараәрекет мәселелері жөніндегі атқарушы директор кеңесшісі болып тағайындалған. Циркониевск өндірісін қайта құрастыру, шығарылатын бұйымдар, материалдар сапасын жақсарту және топтамалық тапсырыстар көлемін едәуір арттыру мақсатымен оның технологиясын жетілдіру бойынша жұмыстарды басқарды.
Саясат:
1999 ж. 23 сәуірінде Удмуртия Республикасы Үкіметінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл орынды Удмуртия президенті сайлауына дейін алды. Сол уақытта Удмуртия Республикасы президентінің алғашқы сайлауына ұсынылды. 2000 ж. 15 қазанында болған сайлауда сегіз кандидат арасында үшінші орын алды (12,3 % дауыс).
Удмуртия Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің екінші жинақтауы депутаты болып сайланды (1999-2003ж). 1999 жылдан үкімет төрағасы лауазымы бойынша РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі құрамына кірді,
ғылым, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және экология жөніндегі Комитет мүшесі болып табылған, 2001 ж. сәуірінде Федерация Кеңесі мүшесі уәкілеттілігін ресейлік парламент жоғарғы палатасын қалыптастыру жаңа тәртібіне сәйкес Республика Үкіметі өкіліне тапсырды.
Наградалары:
«За трудовую доблесть» медалімен, ФК Құрмет грамотасымен марапатталған.
Әдебиеттер тізімі:
- Николай Ганза: «Хейко Банзай!» // Номенклатура. Өмірбаян очерктерінің жинағы / А.В. Васильев және басқалары.- Ижевск, 2005.- 95 – 102 б.
- Ганза Николай Алексеевич // Удмурт Республикасы: энциклопедия / бас ред. В.В. Туганаев.- Ижевск: Удмуртия, 2000.- 264 б.
Сілтемелер:
http://www.council.gov.ru/files/encycl/263_3004_793054178/index.html
http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc_biography/31876/%D0%93%D0%B0%D0%BD%D0%B7%D0%B0