Тучин Михаил Васильевич
1944 жылы Предгорный ауданы Барашки а. дүниеге келген. Михаил Васильевичтің ата-анасы ұстаз болған. Мектепте оқып жүргенінде, Михаил Васильевич Первомайка а. салынып жатқан Ертіс химия-металлургия зауытында өндірістік практика өткен. Осы практика болашақ кәсіпті таңдауға әсерін тигізді.
1959 жылы Михаил Васильевич Тучинді белсенді өмір ұстанымы, батылдығы, мінез қаттылығы үшін БКЖО мүшесіне қабылданады (БКЖО).
1960 жылдың тамызында Михаил Васильевич Тучин өз еңбек қызметін ЕХМЗ жөндеу-механикалық цехте слесарь болып бастаған.
1960жылы қыркүйегінде М.В.Тучин Первомайка жұмысшы жастар мектебіне оқуға барады, аяқтағаннан кейін 1961 жылы кәмелеттік аттестат алады. Жұмысшы жастар мектебін аяқтағаннан соң М.В.Тучин бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика цехына аударылады (БӨА мен А).
1963 жыл тамызында М.В.Тучин Кеңес Армиясы қатарына шақырылады. Қызметті Германия Демократиялық Республикасының Потсдам қ. зениттік-артиллериялықполкінде өткен.
1966 жылы армиядан қайтарылып, туған Первомайка а. оралады.
1967 жыл 20 маусымында М.В.Тучин ЕХМЗ комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды. Комсомолдық ұйымдағы жұмыс жылдарында М.В.Тучин зауыт жастарының дамуы, жас ауылдың гүлденуі үшін өте көп жасалынды. М.В.Тучиннің бастамасымен әлем бойынша хоккей чемпионы Анатолий Васильевич Фирсов шақырылды.
Михаил Васильевич 1967 жылы Өскемен индустриалдық техникумының сырттай бөліміне түседі, ал 1970 жылы бақылау-өлшеу аспаптарының техник-электромеханигі дипломын алады.
1969 жылы М.В.Тучин Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы мүшесіне қабылданады, 1973 жылы қаңтарда Шемонаиха аудандық партия комитетінің өнеркәсіп-транспорт бөліміне нұсқаушы қызметіне аударылады.
1973 жылдан 1977 ж.дейін Михаил Васильевич Алма-Ата жоғарғы партия мектебінде білім алды. Партмектепті аяқтағаннан кейін М.В.Тучин Шемонаиха аудандық компартия комитетіне ұйымдастыру бөліміне нұсқаушы қызметіне жұмысқа алынады. Михаил Васильевичті 1987 жылдың қаңтарында басқара білгені, жауапты шешімдерді қабылдаудағы батылдығы үшін, жұмысқа деген бірегей тәсілі үшін Шемонаиха қалалық Халық депупаттары Кеңесінің атқарушылық комитетінің төрағасы етіп тағайындалады.
Шемонаиха қалалық Халық депупаттары Кеңесінің атқарушылық комитеті тарағаннан кейін, 1992 жылы М.В.Тучин Шемонаиха қалалық әкімшілік Бастығы қызметіне тағайындалады. 1995 жылдан 1997 жылға дейін Шемонаиха қ. әкімі.
Михаил Васильевич Тучиннің еңбек жолы медальдармен белгіленген: «Еңбек ардагері», ««За трудовую доблесть», «За доблестный труд в ознаменование 100-летия со дня рождения Владимира Ильича Ленина», «За достигнутые успехи в развитии народного хозяйства», «20 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағының 50 жылдығына байланысты белгімен, «Готов к труду и обороне» Бүкілодақтық денешынықтыру кешенінің алтын белгісімен, Кеңес Армиясы қатарындағы қызметі, ҚазақКСР Коммунистік партиясының аудандық комитетіндегі жұмысы уақытында бірнеше мәрте грамоталармен марапатталған.