Ан Евгений Алексеевич

Туған күні: 1958-12-09

Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха қ.

Жұмыс орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, стратегиялық даму жөніндегі ректор кеңесшісі.

Ғылыми дәрежесі: Экономикалық ғылымдар докторы

Диссертация тақырыбы: кандидаттық диссертация тақырыбы: «Организационно-экономические механизмы развития агропромышленной интеграции на сопредельных территориях» 2005 ж., Барнаул қ. (РФ Алтай мемлекеттік университеті).

     Докторлық диссертация тақырыбы: «Формирование базиса пространственно локализованной инновационной подсистемы трансграничных регионов» 2014 ж., Барнаул қ. (РФ Алтай мемлекеттік университеті).

Ғылыми атағы, мамандығы:ҚХР Синьцзян мемлекеттік педагогикалық университетінің құрметті профессоры.

     Қазіргі күні 67 ғылыми мақала авторы болып табылады, оның ішінде ҚРБҒМ, РФ БҒМрецензияланған басылымдарда, Болгария, Польша, Германия, Чехия, ҚХР мен т.б. шетелдік басылымдарда жарияланған 5 монография және көптеген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда.

     1983 жылы Шығыс Қазақстан совхоз-техникумын аяқтады; 1996 жылы- Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті – Мемлекеттік реттеу және әкімшілік басқару факультеті – экономист мамандығы, 2006 жылы-Қазақстан- Америка еркін университеті заңгер мамандығы бойынша.

Еңбек жолын 1978 ж. бастаған, 1979-1989 жылдары ШҚО өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпкерлікте жұмысшы болды. 1989-2003 ж. Өскемен қ. Бизнес-құрылымда  басшылық орнында болған. 2006 жылы  ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясындағы мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін жоғарылату семинары бағдарламасын сәтті өтті. 2006-2009 ж. ШҚО әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік, экономика және бюджеттік жоспарлау, транспорт және автомобиль жолдары, азаматтық қорғаныс және ТЖ жою департаменттері мен басқармаларын жетекшілік етті.

 2009 ж-2010 ж. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің өндірістік және экономикалық мәселелер жөніндегі проректор болып жұмыс жасаған. 2010 ж. қарашасынан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетініңқаржы-экономикалық жұмыстар жөніндегі проректор болды. 2013 жылдан- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетініңстратегиялық даму жөніндегі ректор кеңесшісі, Жоғарғы экономика және бизнес мектебінің доценті. 2004 ж. 25 маусымда №13 РФ БҒМАлтай мемлекеттік университетінің диссертациялық кеңесі шешімімен РФ экономикалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. Диссертация тақырыбы:  «Организационно-экономические механизмы развития агропромышленной интеграции на сопредельных территориях».Диплом 18.02.2005ж.№140618.,20.02.2012 ж. №   FKA 0000388 ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі Комитет Шешімімен ҚР экономикалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесі берілді (қайта аттестаттау). 2014 ж. шілдеде РФ БҒМ Алтай мемлекеттік университетінің диссертациялық кеңесі шешімімен РФ экономикалық ғылымдар докторы ғылыми дәрежесі берілді. Диссертация тақырыбы: «Формирование базиса пространственно локализованной инновационной подсистемы трансграничных регионов».

Қоғамдық-саяси қызметі:

1995-2002 ж. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып табылды. 2003 жыл қаңтарынан 2004 жыл наурызына дейін – Өскемен қ. әкімінің орынбасары.

1999 жылдан- Халықаралық тауар өндірушілер одағы басқармасының мүшесі (РФ Мәскеу қ.).

2013 жылдан –Корея Республикасы Президентінің кеңесшісі, Орталық Азиядағы ҚХДР мен Корея Республикасының бейбітшілік және демократиялық бірігу жөніндегі Кеңес беру кеңесінің мүшесі, Қазақстандағы Кәрістер Ассоциациясының мүшесі.

 

Наградалары, атақтары:

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20- жылдығына арналған Мемлекеттік медальмен, сондай ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтің алғыс хатымен марапатталған. Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак Жарлығымен Қазақстан Республикасы мен Корея ынтымақтастығын нығайтуға үлесі үшін орденмен марапатталған. Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қатысуы және қосқан үлесі үшін Ресей тауар өндірушілер Одағы номинациясындағы А.Н.Косыгин атындағы Сыйлық Лауреаты. Қайырымдылыққа белсенді қатысқаны үшін Е.А. Ан «Бөбек» қорынан алғыс хатпен марапатталған (Президент- С.Назарбаева).