Нагибин Владимир Дмитриевич

Владимир Дмитриевич Нагибин-шаруашылық, мемлекет қайраткері.

     1930 жылы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Каменевка ауылында қызметші отбасында дүниеге келген. Ол орта білімді 1948 жылы бітірген Томск темір жолын Қорғау станциясының №116 мектебінде алды.

Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген. 1954 жылы институтты бітіріп,  сирек және асыл металдар бойынша инженер-металлург дипломын алған соң, Владимир Нагибин ұсынылған жұмыс орындарынан Балқаш мыс балқыту зауытында өз таңдауын тоқтатты.

1954 жылдан шаруашылық жұмыста. Ол жұмысты шебер, учаске бастығы, аға шебер, күкірт қышқылы цехының бастығы болып бастады. 1967 жылдан 1971 жылға дейін Металлургия цехын басқарды, ал 1971 жылдан бастап Балқаш тау-кен металлургия комбинатының («Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)»директоры болып тағайындалды.

1971-1974 жылдар аралығында Владимир Дмитриевич құрамында күкірті жоғары мыс бар шикізатты тиімді өңдеудің перспективалық негізін қалауға қол жеткізді. КСРО Халық шаруашылығы басқармасының институтын бітірген. 1975 жылы Владимир Дмитриевич Мәскеуге КСРО Түсті металлургия Министрінің орынбасары қызметіне ауыстырылды. 1979 жылдан 1983 жылға дейін Нагибин ҚазКСР түсті металлургия министрі болды.

Газды плазмохимияны пайдалану бағытында, газды (оның ішінде металлургиялық агрегаттарда отынды жағу бойынша) және сұйық ортаны өңдеу үшін электр разрядтарының арнайы түрлерін қолдану бойынша жұмыс істеді. Осы зерттеулердің нәтижелері бойынша КСРО мен Ресей Федерациясының патенттерімен қорғалған үш жаңа технологиялық процесс (тауарлық өнімді алу, құрамында күкірті бар күшті газдарды өңдеу, мышьякты металлургиялық газдардан элементтік түрге ауыстыру) жасалды және құрылды. Владимир Дмитриевич сонымен қатар мыс-никель фейнштейндерін ұтымды бөлу мәселесімен айналысты, нәтижесінде никель мен кобальтты сульфидтен металл формасына ауыстыра отырып, оларды металл мыспен металдандыру технологиясы жасалды.

Вьетнамдағы КСРО Елшілігінің экономикалық кеңесшісі. Зертхана меңгерушісі, «ГИНцветмет» институтының ғылыми қызметкері. 9-шы, 10-шы сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты оттегін қолдана отырып мыс балқытуды күрт ұлғайту бойынша жаңа технологиялық процестерді енгізгені және қалдықты түрлендіргіш газдардан рений өнімі мен күкірт қышқылын ала отырып шикізатты кешенді пайдалануды арттырғаны үшін. Ленин Орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» Орденімен, «Құрмет Белгісі» Орденімен марапатталған.

2021 жылы 14 қаңтарда қайтыс болды.

 

Ашимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.

Некролог журнал  Цветные металлы   2021   №2