Булавкина Ольга Александровна

 Булавкина Ольга Александровна

         1972 жылы 7 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін «орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша, 2000 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің экономика факультетін салық жөніндегі мамандығын бітірген.

         Еңбек қызметі: Өскемен қ. №1 балабақшасының тәрбиешісі (1993-1996 жж.),  Өскемен қ.  «Шығыс-Ет» ААҚ экономисі (1996-1998 жж.), «Өскемен нан комбинаты» АҚ ревизор-бухгалтері (1998-1999 жж.), «Востокпромсантехмонтаж» ЖШС экономисі (2000 ж.), «Қоршаған ортаны қорғау қоры» бас маманы (2000-2001 жж.), «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, бастығы (2002-2012 жж.), Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары (2012-2014 жж.), «Нұр-Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының орынбасары (2014-2016 жж.), Өскемен қаласы әкімінің орынбасары (2016-2019 жж.), Бородулиха ауданы әкімі (2019-2020 жж.).

       2020 жылғы 13 тамызда Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. 2021 жылғы 17 маусымнан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,  ҚХА Кеңесінің құрамына кіреді. 2021 жылғы 28 желтоқсаннан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық Кеңесінің мүшесі. 2022 жылғы 13 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы.

 

Марапатталған:

2015 ж. — Медаль «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл»;

2020 ж. — Медаль «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл»;      2021 ж. — Медаль «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 30 жыл»

2021 ж. — ҚР Президентінің Жарлығымен 2 желтоқсанда «Құрмет» орденімен марапатталған.

2021 ж. — «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» төсбелгі.