Щербинин Николай Иванович
- Толығырақ
- Категория: Мемлекет қайраткерлері
Щербинин Николай Иванович
1949 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Выдриха орта мектебінің 8 сыныбын бітіріп, Челябинск облысының Копей тау-кен техникумына оқуға түсті. 1968 жылы техникумды бітіргеннен кейін әскер қатарына шақырылып, Солтүстік флотта теңізші қызметін атқарды.
1969-1973 жылдары авиацияның бас маршалы К. А. Вершинин атындағы Барнаул жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесінде оқыды. Челябинск шабуылшылар жоғары авиациялық училищесінің бөлімдерінде, Қостанай, Шадринск, Оңтүстік Орал қалаларында қызмет атқарды. Кеме командирі, нұсқаушы, жасақ командирі болды.
1987 жылдан бастап Венгрияға жіберілді. 1991 жылы желтоқсанда Қарулы күштердің қысқаруына байланысты әскери форма кию құқығымен запасқа шығарылды. 5000 сағат ұшып, ұшақтың бес түрін игерді. «1-сыныпты әскери ұшқыш-нұсқаушы», «1-сыныпты әскери ұшқыш» біліктілігі бар.
7 медальмен марапатталған, оның ішінде «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Мінсіз қызметі үшін» I, II, III дәрежелі. Қолбасшылықтан 75 алғыс алды.
Авиация полковнигі, әскери инженер. Н. А. Щербинин Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалғыз әскери маманы депутаты болды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 11 желтоқсандағы № 239-ө өкімімен жерасты тау-кен жұмыстарында, ерекше зиянды және ауыр еңбек жағдайлары бар жұмыстарда қажетті еңбек өтілін әзірлеген, бірақ 1998 жылғы 1 қаңтарға зейнетақы тағайындау үшін талап етілетін жасқа толмаған азаматтар проблемасы бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізілді.
2013 жылдың 28 қаңтарында қайтыс болды.