Макаров Александр Васильевич
- Толығырақ
- Категория: Мемлекет қайраткерлері
1947 жылы 6 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласында дүниеге келген.
Ол Н.Островский атындағы орта мектепте оқыды. Лениногорск қаласындағы орман техникумын энергетик мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинатының азық-түлік жеткізушісі, механик,соданкейін ҚазСельхозТехникадағы жабдықтау бөлімінің басшысы болып бастады. Томск политехникалық институтын инженер-энергетик мамандығы бойынша бітірген. Сегіз жыл бойы «Химстрой»құрылыс трестінде бас энергетик, техникалық жинақтау бөлімінің басшысы, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бастығы болып жұмыс істеді.
1985-1988 жылдары Шемонаиха агроөнер кәсіптік бірлестігінің бас энергетигі, 1989 жылы - Шемонаиха қ. майзауытының бас инженері.
1991 жылы «Анонс» көпсалалышағын кәсіпорнын ашты, содан кейін 1996 жылы «Макаров и К» ЖШС, 2007 жылы көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұратын халыққа тұрғын үй және коммуналдық қызметтер көрсету бойынша «СтройМак» ЖШС құрды.
Меценат болды. Оның кәсіпорны өзбалансында «Самсон» жастар сауықтыру клубын ұстады. А. С. Иванов атындағы қордың қатысушысы.
Шемонаиха қаласының қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін Шемонаиха ауданы әкімінің медальдарымен және грамоталарымен бірнеше рет марапатталды, 2018 жылы Қазақстан Республикасының құрметті азаматы атағына ие болды.