Белькова Милена

2012 жылғы 2 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылында дүниеге келген. Еркін күрестен спорт шеберінің кандидаты.2018 жылдан бастап еркін күреспен айналысады. Шемонаиха ауданының 3 дүркін чемпионы. Шығыс Қазақстан облысының 2 дүркін чемпионы. Республикалық турнирдің 3 дүркін жүлдегері. Ашық республикалық турнирдің 2 дүркін жүлдегері.

Азаматулы Саян

2011 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылында дүниеге келген. Еркін күрестен спорт шеберіне кандидат. 2016 жылдан бастап еркін күреспен айналысады. Шемонаиха ауданының 7 дүркін чемпионы. Шығыс Қазақстан облысының 4 дүркін чемпионы. Республикалық турнирдің 3 дүркін чемпионы.

Байтуканов Амир

    Шемонаиха қ. туған.  Қытай Куньмин қаласындағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 42 шм. 195 м. қашықтықтағы IV халықаралық марафонының қола жүлдегері (2019 жыл). Өскемен қаласында тұрады. Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында жаттықтырушы болып жұмыс істейді, политехникалық колледжде сабақ береді.

Саматова Амина Самалбековна

   2007 жылы 25 қаңтарда Шемонаиха қ. дүниеге келген. Семсерлесуден спорт шебері, Қазақстан Республикасы құрамасының мүшесі. 2021, 2022, 2023 жылдардағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы. Дубай қ.  Азия Кубогы чемпионаттың жеке есебінде күміс жүлдегер (2024 ж.). Манамадағы (Бахрейн) Азия чемпионатының командалық есебінде күміс жүлдегер (2024 ж.). 2024 жылғы әлем чемпионатының қатысушысы. Өскемен қаласында тұрады.

Курьянов Степан Михайлович

Степан Михайлович Курьянов  1996 жылы 7 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Кенюхово ауылында дүниеге келген.  Қазіргі уақытта «Gazprom-RusVelo» командасына қатысатын ресейлік кәсіби велошабандоз. Ресей спорт шебері.

   Обель — Тимистер — Ла-Глез жасөспірімдер арасындағы веложарыстың жеңімпазы (2014 жыл), Жасөспірімдер арасындағы топтық веложарыста Ресей чемпионатының жүлдегері (2014 жыл), жасөспірімдер арасындағы топтық веложарыста Еуропа Чемпионатының қатысушысы (2014 жыл). Веложарыс жүлдегері Ригоберто Ламоника кубогы (2016 жыл), веложарыс жүлдегері Солтүстік Кавказ халықтарының достығы бас классификация (2016 жыл), Trofeo Gianfranco Bianchin (2016 жыл) жүлдегері. Минск Гран-при веложарысының қатысушысы, Мәскеудің бес сақинасы, ЗЛМ туры (2017). БАӘ турында спринт классификациясының қатысушысы (2019 жыл).

 

  1. Вперёд, «Газпром-Русвело»! Настырно, дерзко, смело! (часть 2). Дата обращения: 8 марта 2018. Архивировано 8 марта 2018 года.
  2. Степан Курьянов: «Долго шел к званию мастера спорта». Дата обращения: 8 марта 2018. Архивировано 28 января 2018 года.