Люфт Иван Витальевич Олимпияда чемпион

Люфт Иван Витальевич Олимпияда чемпион

Санат: Спортшылар

    

 

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайка ауылында 30.06.1998 ж. туған. Мектеп аяқтағаннан кейін Риддер қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған Республикалық мектеп-интернатында оқыған. Жаттықтырушы Геннадий Захарченконың тәрбиеленушісі. 2013 жылы Қазақсанның балалар Олимпиядасының құрамына кірді. Қазіргі уақытта Алматы Қазақ спорт және туризм студенті болып табылады. Қазақстан Республикасының, республикалық және халықаралық жарыстардың  бірнеше дүркін чемпионы.Халықаралық жарыстарда да бірнеше рет жеңіске жеткен. Спортшы едәуір жетістікке қол жеткізіп, 17 жасында  еліміз бен шетелдің әртүрлі бұрыштарындағы шаңғы жарысы бойынша жарыстарда  170 наградаға ие болған.

    Италиядағы Әлем Чемпионатына қатысқан (2014ж). Алматыдағы Әлем чемпионы (2015ж.). 2015 жылғы Fis старт чемпионы (Италия: 1 орын Классикалық үлгі, 2 орын конький үлгісі. Финляндия: 1 орын классикалық үлгі, 2 орын конький үлгісі). Румыниядағы әлем чемпионы (2016ж.). Норвегиядағы жасөспірімдер олимпияда ойындарына қатысушы (8,9 орын және 2016 ж. 11 орын алған). Юниорлар арасындағы континеттік кубок чемпионы (2016ж). 2016 жылы шаңғы жарысы бойынша халықаралық сыныптағы спорт шебері атанды, Қазақстан Республикасы құрамасының мүшесі.

   2017 жылы 18 жасар Иван Люфт Дүниежүзілік қысқы Олимпиядада алтын жаулап алды, оған Халықаралық сыныптағы Спорт шебері атағы берілді, 1,5 шм. арақашықтықтағы классикалық жүрісте спринтерлік жарыстағы алғашқы болды. Классикалық шаңғы спринтінде Қазақстан Чемпионатында 2 орын алды.

    2019 жылы Красноярск қ. Дүниежүзілік Универсиадада Қазақстанның ұлттық құрамы 7,5 шм. бойынша 4 эстафеталық жарыста күміс медаль алды. Ол онда классикалық үлгіде 1 кезең жүгірді. Финляндиядағы классикалық спринттегі Әлем Чемпионатында 11 орны алды. 30 шм. жарыстағы стартта 19 орын. Италиядағы шаңғы жарысы бойынша Әлем Кубогы кезеңінде классикалық шаңғы спринтінде 15 шм. 31 орын алды.

 

   

Малюкевич Н., В 17 лет - 170 наград/Н.Малюкевич//ЛЗ-Сегодня.- 2016.-16 марта.-С.5