Фисун Екатерина Владимировна

1997 жылы 26 қаңтарда туған. Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері және велоспорт бойынша Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат.

2018 жылы «Риддер қаласындағы олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша «Спорт бойынша жаттықтырушы –оқытушы» біліктілігін бітірді.

2021 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірді.

Шаңғы жарысы бойынша жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатына және Алматы қаласында өткен шаңғы жарысы бойынша 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға халықаралық төреші ретінде қатысты.

Велинград қаласында (Болгария) шаңғымен сырғанаудан FIS старт чемпионы. Контиолахти қаласында(Финляндия) шаңғы жарысы бойынша FIS старттарының жүлдегері. Новосибирск қ. (Ресей Федерациясы) шаңғы роллерлерінен чемпион және жүлдегер. Шаңғы жарысы бойынша халықаралық FIS старттарының қатысушысы.

Щучинск қаласының шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының ересектер чемпионатында командалық эстафетада чемпион, шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының ересектер чемпионатында күміс жүлдегер Риддер қ.

2022 жылы Өскемен қаласында волейбол және үстел теннисінен мемлекеттік қызметшілер арасында Спартакиадаға қатысты. 2023 жылы Қысқы Президенттік көпсайыстан облыстық жарыстардың күміс жүлдегері. Аудандық шаңғы жарысының күміс жүлдегері. «Ядроны ату» пәні бойынша аудандық жеңіл атлетика жарыстарының күміс жүлдегері. Гір спортынан аудандық жарыстардың чемпионы. Мемлекеттік қызметкерлер арасында үстел теннисінен облыстық турнирдің қола жүлдегері. 2024 жылы шаңғы жарысы бойынша аудан чемпионы атанды.