Митропольская Виолетта Евгеньевна
- Толығырақ
- Категория: Спортшылар
2006 жылы 29 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Первомайка к. дүниеге келген. 9 жасында ол жаттықтырушы В. П. Захарченкодан шаңғы жарысын бастады. 2022 жылы «Риддер қаласындағы олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-не оқуға түсті. 2022 жылы Республикалық жарыстарда 2 және 3 орындарға ие болды. 2023 жылдан бастап шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық жастар құрамасының мүшесі. 2024 жылы Қытайдағы балалар Олимпиадасына кандидат.
Жастар құрамасының құрамында халықаралық және республикалық жарыстарда өнер көрсетті:
- Шаңғымен сырғанаудан Әлем кубогының 1 - кезеңі-супер-спринт (3 орын)
- Шаңғы жарысынан Италия чемпионаты (Саппада) – 10шм жарыс- (2 орын)
- Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты (қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына іріктеу) - спринт (2 орын), классикалық жүріс(2 орын)
- Қысқы жасөспірімдер олимпиадасы - жарыс классикалық жүріс (25 орын)
- Қазақстан Республикасының жасөспірімдер чемпионаты - спринт классикалық жүріс (1 орын), классикалық жүріспен жарыс-(2 орын), эстафета - (1 орын)
- Қазақстан Республикасының ересектер чемпионаты-классикалық жүріспен спринт (6 орын)
2024 жылы шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы берілді.