Астафьев Иван Михеевич.

    25.12.1922 ж. ШҚО Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылында шаруа отбасында бүниеге келген. 1944 жылдан КОКП мүшесі. Білімі орталау. Колхозда тракторшы және комбайншы болып жұмыс істеген. Әскерге 1941 ж. қарашасында шақырылды. Әрекеттегі әскерде 1942 жылдан.

   Соғысты Батыс майданында атқыштар бөлімшесінің пулеметшігі болып бастаған. Жарақан алған және де госпитальде емделіп шыққаннан кейін танкшілер мектебіне жіберілген. Оны тәмәмдаған соң – танк бөліміне механик-жүргізуші болып тағайындалған. 1944 жылы Астафьев алғашқылардың бірі болып 1-ші Белорусь майданында өз танкін мемлекеттік шекараға шығарған. 1944 жылдың күзінен 369-шы гвардиялық өздігінен жүретін артиллерия полкінің механик-жүргізушісі (9-шы гвардиялық танк корпусы, 2-ші гвардиялық танк әскері, 1-ші Белорусь майданы), аға сержант Астафьев Польша аумағындағы шайқаста көзге түсті. 15.01 – 10.02.45ж. дейін оның ӨЖАО экипажы (өздігінен жүретін-артиллериялық орнату) 5 БТР, 11 қару, 80 автомашиналарды, әртүрлі әскери жүктер тиелген 120 су асты қайықтарын, паровоз және 500 жуық гитлершілерді жойды. 17.01.45 Сохачев қаласына (Польша) алғашқылардың бірі болып бұзып-жарып кірді, отты тікелей жаудырып бекетте паровозды істен шығарып және жаудың екі теміржол эшелонын жаулап алуға жәрдемдесті.

    Кеңес Одағының Батыры атағы 27.02.45 ж. берілді. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. 5.03.1945 жылы Волен неміс қаласын басып алу кезінде шайқаста қаза тапты.  Волхов (Ольхово, Новогард қ. оңтүстік-  батысы, Польша) елді-мекенінде жерленген.

  Усть-Таловка а. Батыр есімі орта мектепке берілген. Шемонаиха қаласында, ескерткіш орнатылған, Шемонаиха қ., Өскемен қ.  (1968жыл) көшелеріне батырдың есімі берілген.

 

Безголосов Виталий Мефодьевич.

    20.05.1920 жылы ШҚО Таврия ауданы Каменка а. жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1931 жылы отбасымен Риддер (Лениногорск) қаласына көшкен. Жеті жылдық мектепті бітірген. Ол ағаш шеберханасында жұмыс істеді және сонымен бірге кешкі мектепте оқыды. Одан кейін ФЗУ мектебін бітірген. КОКП мүшесі. ШҚО Риддер қ. (Ленинагорск) қорғасын зауытында металлург болып жұмыс істеген.

    Кеңес әскерінде 1941 жылдан. Ұлы Отан соғысы майданында 1942 жылдан. Калинин, Степной, 1-ші және 4-ші Украина майданында шайқасқан. Төр мәрте жарақаттанған. Соғысқа бірінші рет 1943 жылдың жазында Харьков маңындағы дала майданында Белгород-Харьков операциясы кезінде алды, Харьковты босату операцияларына қатысқан. Содан кейін оның дивизиясы Польшада соғысып, Висладан өтті. 1945 жылдың қаңтар-наурызында В.М.Безголосов шеберлік пен тапқырлық көрсетіп 69 гитлершінің көзін жойды. Польшадағы Силезия воеводствосындағы көшедегі шайқастарда неміс мергендері біздің жаяу әскерлеріміздің алға жылжуын кешіктірді. В.М. Безголосов төрт жау мергенін жойғаннан кейін жаяу әскерлер өз әскери тапсырмасын сәтті орындады. 1945 жылдың 21 наурызында Павловица ауылы маңындағы Висла өзеніндегі плацдарм үшін шайқаста мерген В. М. Безголосов оннан астам фашистерді жойды. 227-ші атқыштар полкінің (183-ші атқыштар дивизиясы, 38-ші армия, 4-ші Украин майданы)  автоматшылар ротасының мергені старшина Безголосов жауынгерлік есебінде 279 солдат пен жау офицерлері болды, 67 жауынгерге мергендік шеберлікті үйретті. 30.04.1945 ж. Моравск-Аралдары(Чехословакия) үшін шайқасында 8 фашисттің көзін жойды. Жаралы командирді құтқаруда осы шайқаста қаза тапты.

     Кеңес Одағының Батыры атығы 15.05.1946 ж. қайтыс болғаннан кейін берілді. Ленин (15.05.1946), Қызыл Жұлдыз (16.10.1944),  3 дәрежелі Даңқ ордендерімен (20.05.1944), «Ерлігі үішн» екі медальмен (20.07.1943, 17,08,1943) марапатталған.

    Соғысқа дейін Шемонаиха ауданында тұрған. Чехия Республикасы Моравск-Силезия өлкесіндегі Глучин қаласында жерленген.

 

Бекбосынов Серикқазы.

   21.09.1925 ж. Семипалатинск облысы Абай ауданы Кзыл-Орда а. шаруа отбасында дүниеге келген. Орталау мектепті бітірген. Совхозда жұмыс істеген. Кеңес армиясында 1943 жылдан. Ұлы Отан соғысы шайқасында 1943 ж. ақпанынан.

      300-ші Гвардия атқыштар полкінің мергені гвардия комсомолы қатардағы Бекбосунов 21.06.1944 ж. жау оғы жүйесін ашу мақсатымен Лодейное Поле қ. (Ленинград обл.) аумағында Свирь ө. қайықпен еңсеруді еліктеуге қарақшылармен бірге еріктілер қатарында болды. Үш жарым сағатқа созылған авиациялық және артиллериялық дайындықтан кейін 16 комсомол – гвардиялықтар су тосқауылынан бірінші болып өтті. Таңертеңгі сағат он бірде олар алдын-ала дайындалған салдар мен қайықтарға совет жауынгерлері түрінде толтырылған тұлыптары бар суға түсіп, сол салдар мен қайықтарды қарама-қарсы жағалауға қарай итере бастады. Бұл  жаудың атыс нүктелерін анықтау және кейіннен жою мақсатындағы өзеннен тездетір өтудегі жалған көрініс болды. Барлық салдар мен қайықтардың бір бөлігі өзеннің ортасына шыққанға дейін жаудың нысаналы атысымен жойылды. Бекбосунов пен оның жолдастары жау жағалауына жүзіп жетті, олардың ешқайсысы да жарақат алған жоқ. Жағаға шығып, Бекбосунов шұңқырлардың бірінде жатты. Көп ұзамай оған басқа гвардияшылар қосылды. Қысқа барлаудан кейін Бекбосунов пен Юносов автомат оты және гранаталармен қарсылық көрсеткен фашистерді жойып бірінші болып жағалаудағы траншеяға жетті.Әскери тапсырма сәтімен орындалды. Батылдардың ерлігі жаудың жанданған атыс нүктелерін анықтауға және жоюға көмектесті.  Тапсырма сәтті орындалды.

    37-ші гвардия корпусі құрамында С.Бекбосунов Чехословакия, Венгрия, Австрияны босатуға қатысқан.

     Кеңес Одағының Батыры атағы 21.07.1944 жылы берілді. Соғыстан кейін әскерден қайтарылды. ШҚО Ұлан ауданы Таинты а. тұрды. Совхозда жұмыс істеді. Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған. 22.03.1977 ж. қайтыс болды. Жұмыс істеп, тұрған ауылында ескерткіш, Лодейное Поледе- Он екінші монументі қойылған. Соғысқа дейін Шемонаиха ауданында тұрған. Соғыстан кейін Ұлан ауданында тұрды. 2020 жылы Таинты ауылындағы М.Таенов атындағы орта мектеп қабырғасына оның 95-жылдығы құрметіне гратинтан мемориалдық тақта орнатылды, сондай ақ көшеге батырдың есімі берілген.

Мягкова, Е. О подвиге казахстанцев помнят на Ленинградской земле/Е. Мягкова//Казинформ, 2010. — [Электронный ресурс] . — Режим доступа: .—  https://www.inform.kz/ru/o-podvige-kazahstancev-pomnyat-na-leningradskoy-zemle_a2266113 . — Дата обращения ( 05.04.2021).

Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза : сборник документов и материалов / . - Алма-Ата : Наука, 1967 - . - Текст : непосредственный. Т.2 : 1944-1945 гг. - 192 с.

 

Вербицкий Тимофей Сергеевич.

     1909 жылы сәуірде ШҚО Шемонаиха ауылында (Камышенка ауылында?) шаруа отбасында дүниеге келді. 4 сыныпты бітірген. Колхозда жұмыс істеген. 1932-1934 ж. әскерде белсенді мерзімді қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысына дейін Шемонаиха аудандық жер бөлімінде бухгалтер болып жұмыс істеген. 1941 ж. Кеңес Армиясында. Ұлы Отан соғысы шайқасында 1943 жылдан.

       759-шы атқыштар полкі бөлімшесінің командирі (163-ші атқыштар дивизиясы, 38-ші армия, 1-ші Украин майданы)  , КОКП мүшесінің кандидаты аға сержант Вербицкий 1943 ж. қазанында Киевтің солтүстігіне қарай Днепрдегі кеңейтілген плацдарм үшін шайқаста қатардан шығып қалған взвод командирінің орнын алмастырды, ерлік пен бастамашылдық көрсетті.

       Воронеж майданында шайқасқан (1944 жыл 20 қазанынан – 1-ші Украиналық).

Белгородск-Харьков шабуыл операциясындағы 163-ші атқыштар дивизиясы құрамында қатысқан 1943 ж. 3-23 тамыз)- Курск шайқасындағы қорытынды кезеңі; Сумск-Прилукский шабуыл операциясында (1943 ж. 26 тамыз-30 қыркүйек) және Днепрден тездетіп; Киев шабуыл операциясы (1943 ж. 13 қараша-22 желтоқсан); Житомирск-Бердичевский шабуыл операциясы (1943 ж. 24 желтоқсан). Киевтің солтүстігіне қарай Днепрдің батыс жағалауындағы плацдармын ұстау мен кеңейту үшін шайқаста ерекше көзге түсті (Днепр үшін шайқас (Лютеск плацдарм. 1943).

     Гута-Межигорский а.(Киев облысы Вышгородский ауданы) және Мощун а. (Киев – Святошинскийауданы) үшін шайқаста оның басқаруындағы взвод батыл қадамдармен баталоьннің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға көп ықпалын тигізді. Гитлерліктердің көптеген контратакалардың бетін қайтаруда табандылық пен батылдық көрсетті, жеке өзі жаудың пулеметі мен 25 жауынгерін, офицерін жойды. 1944 жылы қаңтарда шайқаста қайтыс болды.

      Кеңес Одағының батыры атағы 10.01.1944 ж. берілді. Батыр жоғары марапат ала алмады. 1944 ж. 12 қаңтарында ол жарақат алып медсанбатқа жіберілді, ал ол жақтан- госпитальге. Оның одан арғы тағдыры белгісіз ақлған («Мемориал» сайтының мәліметтері бойынша (Қайтарылмайтын шығындардың атаулы тізімі, 10.04.1946 ж. №28855 ОГ есеп беру) – 1943 жылдың желтоқсанында хабарсыз жоғалған.

 Шемонаиха қ. Батыр есімімен көше аталып, ескерткіш орнатылған.

  

Бейнематериалды Шемонаиха аудандық орталық кітапханасы дайындады. Шемонаиха мемлекеттік мұрағаты ұсынған Вербицкий Т.С.-ның түпнұсқа хаттары. Мәтінді оқыған: Рупп О. В.

  

Капорин Александр Емельянович.

     1924 жылы Семипалатинск облысы Шелехово а. дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін Кеңес Армиясына шақырылды. 111-ші атқыштар дивизиясы 286-шы артиллерия полкінде танкіге қарсы қару нысанашысы болып қызмет етті. Воронеж, Степной, 1-ші, 2-ші Украин майданында шайқасқан. Германешты а. үшін шайқаста оның қаруы 4 пулемет, 16 гитлерліктерді жойды. Александр Емельяновичті 3 дәрежелі Даңқ орденімен марапаттады. Одер ө. Мен Бреслау қ. шайқас үшін 2 дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Чехословакиядағы шайқас үшін Капорин 1ші дәрежелі Даңқ Орденімен марапатталған. Оның қаруы неміс әскерлерімен қоршалды, қысқа кезек-кезекпен автоматтан ол 11 гитлерліктерді жойып, және оның есептеуі шайқасты жалғастырды. Жаудың 64 танкі жойылған, шайқас үшін Қызыл Жұлдыз Орденімен марапатталды. Бейбітшілік уақытта Шемонаиха қ. тұрған, «Тың жер игеру үшін», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл құрметіне ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50-жылдығында Александр Емельянович Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен жолыққан. 2000 жылы Мәскеу қ. ТМД жиынтық рота құрамында Жеңіс шеруіне қатысқан. 2005 жылы Елбасы Жарғысымен Алтын Жұлдыз орденін табыстаумен «Халық қаһарманы» атағы берілді. 2007 ж. 28 тамызда қайтыс болды. 2008 ж. мамырында Үбі өзенінің арғы бетіндегі Даңқ мемориалында мүсіні орнатылды.

 

Клиновицкий Клим Тимофеевич.

   1924 жылы ШҚО Глубокое ауданы Малоубинка а. шаруа отбасында дүниеге келген. Білімі бастауыш. Колхозда жұмыс істеген. Шемонаиха аудандық әскери комитетімен шақырылған. Ұлы Отан соғысы шайқасында 1942 жылдың соңынан. 52-ші гвардиялық кавалерия полкі пулеметтік есептеу командирі (14-ші гвардиялық кавалериялық дивизиясы,  Мозырскй Қызыл ту дивизиясы, 7-ші гвардиялық кавалерия корпусы, 1-ші Белорусь майданы) комсомол.

   Оңтүстік-Батыс, Орталық, Белорусь, 2-ші және 1-ші Белорусь майдандарында 8-ші кавалериялық корпусындағы (1943 ж. 14 ақпаннан- 7-ші гвардиялық) 21-ші кавалерия дивизиясында (1943 ж. 14 ақпанынан – 14-ші гвардиялық) шайқасқан. Польша аумағындағы Люблин-Брест шабуыл операциясы барысында ерекше көзге түскен. Гвардия сержанты Клиновицкий 26.07.1944 жылы Вильколаз – Первши, Люблинск воеводы Красницкий (Польша) елді-мекені жанында пулемет оғымен эскадронның қоршаудан шығуына қолқабыс етті, 2 гитлерліктер ротасының контратакасының бетін қайтарды 27 шілдеде есептеуі қайтыс болғанда, отты жалғыз жаудырды. Жаралы болса да тағы 2 контратаканың бетін қайтарды, кері шегінгенде танк десантының қоршауында қалды. Танкке қарсы екі гранатамен танкке қарсы шығып, оны жарып өзі қаза болды.

    Кеңес Одағының батыры атағы қайтыс болғаннан кейін 24.03.1945 жылы берілді.  Ленин орденімен марапатталған. Вильколаз – Первши елді-мекені жанында жерленген.

    Малоубинка ауылында Батырға ескерткіш орнатылған. Батыр есімі ауыл көшесіне, Малоубинка мектебіне берілген. Ұлы Отан соғысына дейін Малоубинка ауылы Шемонаиха ауданының құрамына енген.

 

Сафонов Федор Матвеевич.

   1923 жылы 21 наурызда Ресейдің Челябинск облысы варенский ауданы Масловецкое а. (Маслоковцы) шаруа отбасында (басқа деректер бойынша ұста) дүниеге келген.  Отбасында асырауға қиын  11 бала болған, сондықтан да 1932 жылы отбасы Қырғызстанның Фрунзенский облысына қоныс аударған. 1933 жылы әкесі Матвей Васильевич азғырып-көндіру бойынша Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Михайловский шошқа созхозына көшеді. 1939 жылы Фёдор Сафонов Шығыс Қазақстан облысының Убинка орталау мектебінің жеті сыныбын бітіріп және Семипалатинск қ. Ауылшаруашылық техникумына оқуға түседі. өйткені бұл техникум жатақханасында бос орындар болады. Бір уақытта Семипалатинск аэроклубында да сабақ оқиды. Аэроклубтың үздік түлегі ретінде Сафоновты Чкаловский (Оренбург қ.) әскери авиациялық мектебіне оқуға жібереді.  Техникумның 1 курсын бітірген. Кеңес Армиясында 1940 жылдан. Куйбышев (қазіргі- Самара) қаласындағы 12-ші Запастағы авиациялық полкке тағайындалды. Осында ол «Ил-2» жаңа шабуылшы- ұшақ алады.  Ұлы Отан соғысы майданында 1944 жылдан.

    1944 ж. 21 шілдеден аға ұшқыш Фёдор Сафонов 74-ші Сталинград Қызыл Ту Суворов орденінің шабуылшы авиациялық полкінің құрамында (1-ші гвардиялық шабуылшы авиациялық дивизия, 1-ші әуе армиясы, 3-ші Белорусь майданы), Белорусь, Литваны босатуға, Кенигсберг қаласынан оңтүстігіндегі Шығыс Прусск неміс тобын жоюға, Пиллау қаласы Балтийск теңізіндегі соңғы гитлерлік бекіністі шабуылдауға қатысқан.

    1945 ж. сәуіріне аға ұшқын Ф.М. Сафоновтың жеке әскери шотында 109 әскери ұшу болды. Ол 11 жау танкін, 2 өздігінен жүретін қарулар, 10 далалық және зениттік артиллерия батареясы, 2 миномет батареясы, әскери жүктері бар 46 автомашина, оқ-дәрілері мен жанғыш заттары бар 3 қойма, 30 вагоны бар паровозды жойды.

  Кеңес одағының Батыры атағы 29.06.1945 жылы берілген.

    1945 ж. 24 маусымында батыл шабуылшы- ұшқыш Мәскеу Қызыл алаңындағы Жеңіс Шеруіне қатысты. Соғыстан кейін Ф.М.Сафонов Белорусь әскери округінде қызмет етті (Барановичи қаласы). 1949 жылы Краснодардағы Жоғарғы шабуылшылар мектебін бітірді. Хабаровск, Сахалин, Куйбышевте Ресей ӘӘК қызмет еткен. 1961 жылдан полковник Сафонов- запаста болды. Куйбышев қ. (Қазіргі уақытта Самара) тұрған. Аваиация зауытында жұмыс істеген. «Ленин» Орденімен, «Қызыл Ту» 2 Орденімен, «1 дәрежелі Отан соғысы» Орденімен, «2-ші және 3-ші дәрежелі Даңқ» Ордендерімен, медальдармен марапатталған.

    2008 ж. 11 мамырында қайтыс болған. Самарадағы Шекара зиратында жерленген. Батырдың есімі №12 самар мектебіне, Самар (2009 жыл маусымнан) және Өскемен қ. көшелеріне берілген

   http://aviaengeneer.ru/istoriya-aviatcii-semipalatinsk