Поляков Владимир Борисович

29.09.1954г. Шемонаиха ауданының Волчанка а. дүниеге келген. Өскемен ауыл-шаруашылық техникумын бітіріп, агроном мамандығын алған.

1973-75 ж. кеңес армиясы қатарында қызмет еткен. Армиядан қайтарылғаннан кейін туған ауылында агроном, Мәдениет үйінде көркем жетекші  болып жұмыс істеген. 1977 ж. Семипалатинск музыка училищесіне «хор бөлімі»мамандығына оқуға түскен. 1980 жылдан ән-күй мұғалімі, 1992 ж. мектеп директоры.1995 ж. ШҚМУ география факультетінің сырттай бөлімін аяқтаған. Тұрмыстық әңгімелер, очерктер, өлеңдер авторы, оның көбісі мерзімді басылымдар, Өскемен қ. 2005 жылы шыққан жинақтамада жарияланған. Шемонаиха ауданының 75 жылдығына орай ол «Аудан гимнің» сөзі мен әуені жазды.

Шемонаиха ауданының Волчанка ауылында тұрады, Киров орта мектебінде директор қызметін атқарған.

     Владимир Борисовичтің туындылары тек «ЛЗ Сегодня» аудандық газетінде ғана емес «Простор» мен «Ертіс» журналдарында да жарыққа шыққан.  "Это уже не проба пера, а серьезная заявка на хорошую прозу. Эдакий прочный сплав мужицкой байки и рассказа с хорошо выписанными деталями пейзажа, портрета, речевой характеристики героев. Слог чистый, спокойный грамотный. Автор - наблюдательный рассказчик, и, чувствуется, как неравнодушен он к своим героям, людям простым, деревенским"(Мария Абзалимова), "Счастья хочется, в счастье верится": «ЛЗ» газеті бас редакторының В.Б.Поляковтың әңгімелері жариялымына алғы сөзі.

    Аудан кітапханаларының оқырмандарымен бірнеше мәрте кездесулер мен шығармашылық презентациялар өтті. Жеңіл әзіл-қалжың, дәл сипаттағы әңгімелер және жанға жақын поэтикалық жолдар міне көптеген жылдар бойы өз оқырмандарын табуда.