Черепанов Дмитрий Феофанович
Дмитрий Феофанович Черепанов 1907 жылы 16 маусымдатуған. Қаңылтыршы мен сауатсыз діндар шаруаның отбасында дүниеге келіп, ол ауылдық алғашқы комсомолының бірі болды.Лосихаауылы- (қазір Верх-Уба а.) алтай діни ізденушілер орталығы және көптеген іріткі салушы секталардың жинақталатын орны болған. Болашақ жазушының балалығы діни атмосферада өтті.
Баланың мінез-құлқы қалыптасуына табиғаты көркем әрі бай үбі әсер етті. Үй шаруалары мен сабақтан бос уақытында Дмитрий өз достарымен өзенге барып- балық аулайтын. Кейініректе жазушы достарымен балық аулап, тау-тасты аралап, орманнан жидек теретіндерін, оларды үнемі табиғат өзіне тартатынын есіне алған.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы алғашқылардың бірі. Лосихада комсомол ұяшығы құрылды. 13 жасында Дмитрий комсомолға енеді.
Предгорное ауылында 7 сыныптан кейін Өскемен педтехникумына түседі. Осы уақытта онда болашақ жазушылар А.М. Волков пен М.Ф. Иванусьев-Алтайский, философия ғылымдарының докторы Л.Ю. Каюковский, М.Р. Муравьев, Д.С. Романов, А.И. Седельников және басқалары ұстаздық еткен. Дәл осында, педтехникумда қоғамтану мұғалімі М.Ф. Иванусьев-Алтайский Дмитрийдің әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятады. Д.Черепанов «звено Алтая» әдеби бірлестігіне енген. Қатысушылар интернат-коммунда тұрған. Киізде ұйықтап, үнемі қарындары тоқ болып жүрмейтін, алайда оған олар қайғырмайтын. Шулы жиналыстар, қызу даулар, көңілді кездесулер, спорт сайыстары, жарқын болашақ туралы армандар- осының бәрі олар үшін бақыт болды.
20-шы жылдары Өскемен педогогикалық техникумын, одан кейін Семипалатинск педогогикалық институтын аяқтағаннан кейін Дмитрий ФеофановичМариневка және Усть-Бухтарма ауылдарында мұғалім болып жұмыс атқарған. Осында ол өзінің алғашқы әңгімелері мен өлеңдерін жазады. Оларды "Крестьянский журнал", "Журналкрестьянскоймолодежи", "Прииртышскаяправда", "Сибирскиеогни" басып шығарады.Д.Ф. Черепановтың әдеби қабілеттері байқалып, 1930ж. көстемінде "Прииртышскаяправда" газетә редакциясына жұмысқа шақырады. Жас жазушы мақалалар, очерктер, ауылдағы өзгерістер туралы корреспонденция, құрылысшылардың жетістіктері, Алтайдағы таукен өнеркәсібінің дамуы туралы, Рубцовск-Риддер темір жолының құрылысы туралы жазады.
1937 жылы Черепанов күтпеген жерден тұтқынға алынады, бірақ бір айдан соң дәлелдер жеткіліксіздігінен босатылады. Төр жыл ол Ұлы Отан соғысы майданында болды.
Ұлы Отан соғысынан Семипалатинскке, туған редакциясына оралып, Д. Черепанов журналистік жұмысқа еніп кетеді. Бірнеше онжылдар Д.Черепанов Семипалатинск облыстық газетінде жұмыс атқарды. Алайда оны өз ұрпағының жастығы туралы жазу арманы ойынан кетпейді. Барлығы түбегейлі зерттелгеннен, өмір көрген және басынан қайғыны да өткізгеннен кейін, туынды сызбасы мен болашақ кітаптың кейіпкерлері тағдыры ойша анықталып, ол «Крутизна» повестьін жазуға отырады.
1956 жылы ол жарыққа шығады. Бұл жазушының, 20-30-шы жалдары Өскемен мен оның маңайындағы ауылдардағы болып жатқан оқиғалары туралы алғашқы ірі туындысы. Бұл біздің республикамыздағы комсомолдар туралы алғашқы кітап, комсомолдар мойнына Октябрьді жаулауға қарсы тұру, колхоздар ұйымдастыру, УльбаГЭС құрылысы, сауатсыздықты жою жүктелген.
Дмитрий Черепановтың «Комиссар» деректі повестьі қызықты. Онда өзі жан дүниесін, жүрегі, жадын тұтастай ашып, басынан өткергенін, ең жанына жақын әрі қымбат: Өскемен педтехникумында оқудағы күндерін, курстастары, армандары, олардың тағдырлары, девизия комиссары Евгений Павлович Рыков туралы әңгімелейді.
Туған өлкеге, оның тарихына деген махаббат қайта-қайта жазушыны қылқаламды қолына алғызады. Ол өз өлкесіне адал, ол оны еңбекте де, бақытта да, күресте де және қасіретті қателескенде де сүйеді. Сондықтан да, оның басқа кітаптары:"По зову сердца" (1959), "Туман из ущелья" (1959), "Камень на дороге" (1962), "С докладом выступит другой" (1965), "Имена на обелисках" (1970), "Комиссар" (1977), "Час прощанья" (1977), "Сквозь годы" (1982) Ертіс маңайына, оның табиғаты, адамдары, тарихына арналған. Осы қызықты кітаптардың негізін құрауға ауылдарды аралау, көптеген хаттармен жұмыс, өмірлік бақылаулары түрткі болды.
Дмитрий Феофановичтің "Звездападучая"пьесасы бойынша Ф.Достоевский атындағы Семипалатинск орыс драмтеатры спектакль қойды.
Д.Черепанов жазушылық қызметі үшін Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен, КСРО алты медалымен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.