1938 жылы 29 наурызда Шығыс Қазақстан Зайсан қаласында дүниеге келген. 6 жасында әке-шешесімен Украинаға шығып кеткен. Мектепті Талдықорғанда бітірген. Тараз қ. (ертеректе Жамбыл қ.) техникалық училищені аяқтап, паровоз машинисінің көмекшісі болды. Училищені бітіргеннен кейін 1958 жылы Шемонаихаға жұмыс істеуге жіберілген. 2000 жылы «Звено Алтая» әдеби бірлесітігі жанындағы үйірме мүшесі болды. Осы уақытта ол проза жаза бастаған еді. «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің шемонаихалық филиалының мүшесі, Шемонаиха қ. Достық үйі жанындағы украиналық этномәдени бірлестігінің мүшесі. Ақын әрі прозаик, оның сандығында мысалдар, балаларға арналған ертегілер, лирика. 2016 ж. наурызында Краснодарда оның «Сказки и стихи» кітабы шығарылды, жарыққа шығуына қызының отбасы көмектесті. 2018 ж. мамырында Өскемен қ. «Семена» кітабы, 2023 жылы «Лермонтовы сказки» жинағы шығарылды.