1947 ж. 3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданы Каменевка ауылында дүниеге келген. 7 сыныпты Каменевка мектебінде бітіріп, ал 11 сыныпқа дейін Усть-Таловка ауылында оқыған. Заречная мектебінде ұстаз, Николаевск мектебінде аға пионер жетекшісі болып жұмыс істеген.
1969 жылы Өскемен қ. №13 Техникалық училищені бітіргеннен кейін, «Әйелдер жеңіл көйлегін пішуші» мамандығы бойынша үздік аттестат алды. Сән ательесінде жұмыс істеген.
Педагог болып және де балаларды тігуге үйретіп өзінің арманын жүзеге асыру үшін алдымен Өскемен қаласының көмекші мектеп-интернатында кәсіптік-еңбек оқыту мұғалімі болып жұмыс істеді, содан кейін 1992 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша толық курсын бітірді. №6 орта мектепте еңбек мұғалімі және нан өнімдері комбинаты жанындағы клуб меңгерушісі болып жұмыс істеді, онда көркемөнерпазға қатысып, вокалдық топта және хорда ән шырқады. 1997 жылы ол лайықты демалысқа шықты.
Жастайынан өлең жазған. 2002 жылдан «Звено Алтая» Шығыс Қазақстан әдеби бірлестігінің мүшесі. 2026 жылы «Звено Алтая» ӘдебБ Шемонаиха филиалы ашылуымен бірінші отырыстан оның мүшесі болды, ал 2017 ж. 7 сәуірден – оның төрайымы болды.
Бес бала тәрбиелеп өсірген. 2006 жылдан Шемонаиха аудандық Мәдениет үйі жанындағы «Черёмушки» вокалдық ансамбльі қатысушысы. 2010 жылдан Шемонаиха аудандық Достық үйінің украиндық этномәдени бірлестігі жетекшісі, оның барлық іс-шараларының белсенді қатысушысы, сол үшін бірнеше мәрте грамоталар мен алғыс хаттар алған.
2016 желтоқсанда «Қазақстан Республиқасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медальімен марапатталған.
2017 жылы «Судьбы распахнутые крылья» өлеңдер жинағы шығарылды.