1967 жылы Шемонаихада дүниеге келген. Индустриалдық-педагогикалық техникум бітірген, Алтай мәдениет институтында оқыған. Журналист болмас бұрын көптеген мамандықты ауыстырған. Редакция қабырғасында өзінің досы әрі қызметттесі Валерий Ереминмен әдеби бірлестік ұйымдастырған. 10 жыл көлемінде «Звено Алтая» ӘДЕББ Шемонаиха филиалының төрайымы болды. Өлеңдер мен әңгімелері аудандық газеттерде, «Иртыш», «Восток» әдеби альмонахтарында, «Братина» мен «Я- самая» ресейлік журналдарда басылып шығарылды. Бірнеше өлеңдері «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің 90 жылына арналған шығыс-қазақстандық авторлардың туындылары жинағына енгізілген.